Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

 

«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.

 

Қазіргі қоғам мен өткенді байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа бүгінгі күнгі оқиғалардың мәні туралы түсінік қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тарихи сана – бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына септігін тигізеді.

 

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»пәндері бойынша оқубағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

 

Осыған байланысты сабақта білім алушылардың «тарихи тұрғыдан ойлау» білігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді (мысалы, оқытудың белсенді және проблемалық әдістерін, жобалау әдісін, тұжырымдамалық тұрғыдан оқытуды) қолдану қажет.

 

«Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы білім алушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы қажет.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:

6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

 

9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

«Дүниежүзі тарихы»бойынша оқу жүктемесі:

6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

«Адам. Қоғам. Құқық.» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. Қолданыстағы оқу бағдарламасына сәйкес Дүниежүзінің және

 

Қазақстанның ежелгі дүние тарихын жүйелі түрде оқу 6 -сыныптан басталады. Тарихты зерделеу білім алушыларда адамзаттың өткен тарихи жолы туралы тұрақты білімін қалыптастыру үшін тиімді жағдай жасайтын оқиғалық-хронологиялық деңгейде іске асады. Бұл келесі сыныптарда күрделі тарихи материалдарды, негізгі ұғымдарды жеңіл менгеруге мүмкіндік береді.

Жаңа заман тарихын оқыту 8-сыныптан басталады. Жаңа тарихты


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 12; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.128.168.176 (0.009 с.)