Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.

 

Емтихан және қорытынды бағалары журналға қойылады.

Бұл ережелер қай шет тілін оқуына қарамастан міндетті болып саналады.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері

 

Кемінде 3 шет тілі мұғалімінен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2017-2018 оқу жылында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:

 

- Мемлекеттік стандартты орындау;

- жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-шы қадамы, Балалар құқықтары туралы конвенция, «Еңбек туралы», «Білім туралы», Қазақстан Республикасының Заңдары);

 

- 2017-2018 оқу жылына әдістемелік-нұсқау хатты зерделеу;

- мұғалім-кеңесшінің, көмекшінің негізгі міндеттерін атқаруда шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру;

 

- оқытудағы жаңа технологиялар;

- шет тілі мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру және өздігінен білім

алуы;

- шет тіліндегі жаңа үрдістер мен өзгерістер;

- -оқушылардың білім сапасын арттыру үшін шет тілі бойынша оқытуда электронды білім беру ресурстарын пайдалану.

 

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарында көрсетілетін бірқатар міндеттер қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді. Жоспар оқу жылының әр айына құрылып, оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз байланыстырылады. Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесімен және әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен бекітіледі. Жоспарда әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының негізгі кезеңдері қарастырылады. Оқу жылына әдістемелік бірлестіктің 6 отырысын өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әрбір отырысы ақпараттық-танымдық сипатта болу керек: баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен коучингтер түрінде болуы тиіс.

 

Жоспарға енгізу үшін ұсынылатын ісшаралар:

 

1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық ісшараларды (әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі.

 

2. Пән бойынша олимпиаданың мектеп ішіндегі кезеңін ұйымдастыру және өткізу.

 

3. Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс.

 

4. Егер бар болса жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс.

5. Жас мамандармен жұмыс, аға тәлімгерді тағайындау; Жас маманмен жүргізілетін тәлімгердің жұмыс жоспарын бекіту.

 

6. Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибелерімен алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы), «Lessonstudy» өткізу.

 

7. Емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға, семинарларға дайындық.


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.79.187 (0.01 с.)