Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дене шыныҚтыру» білім саласы дене шынықтыру

Поиск

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ Дене шынықтыру

 

«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

 

Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін меңгеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; дене бітімінің және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған.

 

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

 

Дене дамуында жетіспеушілігі бар балаларды сауықтыруға бағытталған дене шынықтыру пәнінен қосымша сабақтар немесе оқушылар мен ата-


 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

аналардың сұраныстары және қызығушылықтары ескерілген спорт түріндегі сабақтар оқу бағдарламасының вариативті жүктемесі арқылы орындалады.

 

«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.

 

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

 

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылды (www.nnpcfk.kz).

 

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4 -сыныптарда – әр сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағатты құрайды.

 

Бағалау нормалары:

 

Оқушы іс-әрекетін бағалау кезінде олардың жеке ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктері ескеріледі.

 

Егер оқушы денсаулығының жағдайына байланысты практикалық тапсырмаларды орындай алмаса, оған теориялық тапсырмалар беріледі.

 

«5» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса қойылады.

 

«4» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің қабілеттері мен психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса, бірақ мұғалімнің көмегіне шамалы сүйенген жағдайда қойылады.

 

«3» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктерінен төмен орындаса қойылады. Тапсырманы орындауда мұғалімнің көмегіне үнемі сүйене береді.

 

«2» бағасы оқушы тапсырманы орындамағанда, мұғалімнің көмегін қолданбаған жағдайда қойылады.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.42.61 (0.008 с.)