дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
жеткізбеу.
Математика бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға төмендетілмейді. Дұрыс безендірілмеген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны үшін 1 балл төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.
Жазбаша жұмыстарды бағалау
Мысалдардан құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1өрескел қате және 1-2 өрескел емес қате; «3» – 2-3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және одан да көп өрескел емес қате; «2» – 4 және одан да көп өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Шартты есептерден құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 өрескел емес қате; «3» – 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате; «2» – 2 және одан да көп өрескел қате болған жағдайда қойылады.
Құрама есептер: «5» – қатесіз; «4» – 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате (есептің шешуінде өрескел қателер болмауы қажет); «3» – 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате, бірақ есептің шығару жолдары дұрыс болуы қажет; «2» – 4 өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Амалдардың орындалу ретін анықтауда жазба жұмысын бағалау: амалдар тәртібі қате таңдалса, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса, қате болып саналады.
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4 және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Теңдеуді шешу жазба жұмыстарын бағалау: шешудің қате жолы, амалдардың дұрыс орындалмауы, тексеру дұрыс орындалмаса, қате болып саналады
«5» – қатесіз; «4» – 1 -2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Геометриялық материалдармен байланысты жазба жұмыстарын бағалау: егер оқушы геометриялық фигураны қате құрса, өлшем бірліктерін ескермеген жағдайда, өлшем бірліктерін қате өрнектегенде, егер сызу құралдарын дұрыс пайдалана алмағанда қате болып саналады.
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4 және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Ауызша жауаптарын бағалау
Оқушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, өз бетінше орындағаны, толықтығы.
Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.
Кемшіліктер: қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау; тапсырманы баяу орындау; математикалық ұғымдарды қате айту.
Оқушыға «5» деген баға меңгерген оқу білімін дұрыс және өздігінен қолдана алған; есептеулерін дұрыс әрі жылдам қолданған; өздігінен тапсырмаларды құрастырған (жоспар құрап, есептеп, есептің шығару жолдарын
|