Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Зерттеу әдістері:жобаны,кластерді қорғау мен дайындау әдісі.

Поиск

Зерттеу әдістері:жобаны,кластерді қорғау мен дайындау әдісі.


 

 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

5. Қосымша

 

5.1 Сабақта жұмыс істеу үшін «Қоржын» инновациялық әдісін қолдану

«Идеялар қоржыны» – «қызығушылықтар өрісін» анықтайтын әдіс.

«Идеялар қоржынымен» жұмыс жасау алгоритмі:

 

Сабақтың тақырыбы жарияланады.

 

Жеке жұмыс. Әр білім алушы тақырып бойынша өзінің білгенін дәптеріне қысқаша жазады. Бұл кезең – 2-3 минутқа созылады.

 

Топпен немесе жұппен жұмыс жасау. Қатысушылар қай жерде ойларының сәйкес келгенін және сәйкес келмегенін түсіндіре отырып ақпарат алмасады. Жүргізілу уақыты – 3 минут.

 

Сыныппен жұмыс. Бұл кезеңде әрбір топ тақырып бойынша өз білімдерін көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша идеяларын айтады. Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Барлық айтылғандарды мұғалім тақтаға қысқаша жазып тұрады.

 

«Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады.

 

«Блумның алты қадамы» әдісі. Әрбір қадамға сұрақтар беріледі:

 

1. Неге? - Why?

 

2. Түсіндір - Explain

3. Ата - Tell

4. Ұсын - Offer

5. Ойлан тап - Invent

6. Бөліс – Share

«Ыстық орындық» әдісі. Берілген әдіс проблемаларды талдау дағдыларын дамытуға, өз ұстанымын негіздеуге көмектеседі. Жүргізілу реті: бір білім алушы барлық білім алушылардың алдында орындықта отырады, қалғандары жарты шеңбер құрып отырады. Жүргізілу алгоритмі: Бір оқушы алға шығып, өз ойын айтып, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Өзіндік көзқарасы бар білім алушыларға немесе сұраққа қосымша қосатын ойы бар оқушыларға шығып жауап беруіне болады. Білім алушылар белгілі бір адамның рөліне кіріп ойнай алады.

 

Кластер – белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде біріктіру. Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.

 

«Синквейн жазу» әдісі . «Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі:

 

Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы.

Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын есім.

Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.

 

Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 14; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.37.200 (0.008 с.)