дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар

 

МТОМЖБС талаптарын іске асыру үшін әрбір мектепалды даярлық сыныбында (тобында) әр балаға оның жас ерекшелік мүмкіндіктері мен жеке қабілеттерін неғұрлым толықтай ашуға жағдай жасау ұсынылады.

 

Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар:

 

- тәрбиелік, дамытушылық және білімдік мақсаттары мен міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуі тиіс;

– білім беру процесі перспективалық жоспарлау негізінде ортақ тақырыптарға сәйкес білім беру салаларын кіріктіру принциптерін ескере отырып құрылады (аталған тәсіл тәрбие мен оқыту жүйесінің тұтастығын

 

қамтамасыз етеді және және практика , эксперимент жүргізу үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді, ұғымдық ойлаудың негізгі дағдыларын дамытады);

 

- ақпараттық ресурстарды қолданады (масс-медиа, интернет және т.б.);

- жобалау міндетті түрде балалардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ұйымдастырылған оқу әрекетіндегі (ҰОӘ) өңірлік компонентті және балалардың бірлескен және дербес әрекеттеріндегі режимдік сәттерін ескере отырып, жүзеге асырады;

 

- балаларға шамадан тыс жүктеме жүктеуге болмайды, нақты жүктемемен қамтамасыз ету;

 

- тәрбиеленушілерде түрлі іс-әрекеттерге қатысуға деген ынта қалыптасады;

 

- Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру және балалармен түзету жұмысын жүргізу бойынша диагностика уақытында жүргізіледі;

 

- балалар мен олардың ата-аналары үшін білім беру процесінің қолжетімділігі, ашықтылығы мен тартымдылығы қамтамасыз етіледі.

 

Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар:

 

Мектепалды даярлық сыныптары (топтары) өз қызметінде «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар » Санитариялық қағидаларын (ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы) басшылыққа алады.

 

- мазмұны қауіпсіздік, вариативтілік, қол жетімділік, ашықтық және икемділік принциптеріне, гендерлік ерекшеліктерге, баланың қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс;

 

- мазмұны «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адами құндылықтарға, патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеуге ықпал етуі тиіс;

 

- оқу жылы бойына өзгермейтін аймақтарды қатаң реттеуден бас тарту

қажет;

- қоршаған орта баланың жеке тұлғасын дамытуға, балаға зерттеушілік бағытты игеруге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге ықпал етуі тиіс;

 

- аймақтардың көркем безендірілуі және дизайны эстетикалық талғамға сәйкес және әдемі болуы тиіс.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.227.21.101 (0.007 с.)