Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

қарым-қатынасқа, бос уақытқа арналған технологияларды дұрыс шығармашылықпен қолданудан тұрады. Білім алушылар өздерінің АКТ бойынша дағдыларын білім алу процесіндегі барлық оқу пәндері арқылы дамытады, яғни ақпаратты табу, құру, мәліметтермен, идеялармен алмаса отырып, кең спектрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің жұмысын бағалайды және жетілдіреді.

 

Орта мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар:

 

- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу;

- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;

 

- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;

 

- заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;

 

- электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;

 

- интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;

 

- аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау.

13. Кейс-стади.

Кейс-стади - бұл нақты оқиға мен жағдаятты талдауға арналған іскерлік ойын. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылар топтық сұрақ-жауап кезінде шығарылған мәселенің маңызын түсіндіріп, жағдайды бағалайды, оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді.

 

Кейс-стадиді қолдану:

 

- жүйелі, корреляциялық, факторлық, статистикалық және тағы басқа талдау біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді;

 

- білім алушылармен қосымша тапсырмалар жасау нұсқаларын жобалайды;

 

- «ми шабуылы» пікірталасын өткізу, ғылыми дауласу, негізгі және әр жақты шешім бойынша дебаттар дайындалып өткізіледі деп жобалайды.

 

Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылардың дайын білімді меңгеруі емес оны өндіруге, яғни теориялық білімін практикалық міндеттерді шешуге қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен білім алушылардың ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс жасауына басты назар аударылады.

 

14. Дамыта оқыту.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.38.184 (0.007 с.)