дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

Электронды журналмен қатар қағаз нұсқада есеп беруді қолдануға қатысты.

 

Мектеп әкімшілігінің мұғалімдерден электронды және қағаз журналды қатар жүргізуін талап етуге сәйкес қандай да бір нормативтік құжаттар жоқ.

 

Мұғалімдердің қалауымен бір электронды журналды немесе электронды және қағаз журналдарды қатар жүргізуге рұқсат беріледі.

 

Назар аударыңыз!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» бұйрығына 2016 жылғы 29 тамыздағы № 531 бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалім жүйелі түрде әр сабақта 1-4, 5 -11(12) - сынып оқушыларының сабаққа қатысын белгілеп отырады. Мұғалім ашық журналдың сол жақ бетіне сабақты өткізген күнін жазады, сабаққа қатыспаған білім алушыларды «ж» әрпімен белгілейді. Мұғалім ашық журналдың оң жақ бетіне білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан, тоқсан бойынша алған бағалар есебінің нәтижесі бойынша жиынтық бағалаудың максималды алған балын қояды, өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазады . «Мұғалімнің ескертпесі» бағаны жекелеген білім алушылардың тәртібі, оқудағы жетістігі немесе артта қалушылығы туралы мұғалімнің ескертулерін жазуға арналған. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан, тоқсан бойынша алған жиынтық бағалау балы аталған жұмыстарды орындаған соң екі күнтізбелік күннің ішінде журнал бағанына қойылады.

 

Түсіндіру жұмысы мақсатында ата-аналар мен білім алушылар тарапынан жиі кездесетін сұрақтар сараланды.

 

ü Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?

 

Білім алушылар және ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия сөз алу үшін мектептегі мәліметтерді Жүйеге енгізуге жауапты тұлға, яғни әкімгер болып табылатын қызметкерге өтінішпен баруы қажет. Егер әкімгер туралы ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне өтінішпен барады.

Жүйеге тіркелу бойынша нұсқау тұтынушыларға қолдау көрсету

порталында : https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/217862948 қолжетімді орналасқан.

 

ü Не үшін профилді теңшеуде өз Т.А.Ә өзгертуге болмайды және қажет болғанда оларды қалай өзгертуге болады?


 


 

Тұтынушылардың Т.А.Ә, туған күнін, және жынысын редакциялау құқығының болмауы, жоғары тұрған инстанцияға ұсыну үшін «Kundelik.kz» ААЖ көмегімен білім алушы, ата-аналар және қызметкерлер туралы мәліметтерді жинау автоматты түрде іске асуымен шартталған. Білім беру саласындағы электронды құжат айналымының мәні осында.

Берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға тек келесі құқықтары бар мектеп қызметкерлері:

• әкімгер;

• сынып жетекшісі ғана құқылы.

 

ü Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге

болады?

 

Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы навигациялық жолақтан «Білім беру»- «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет

 

Ата-аналар үшін сол навигациялық жолақта «Балалар» бөлімі бар.

Берілген сілтемені басқанда ол барлық мәліметтер жиналған бетке түседі.

«Күнделік» сілтемесі бойынша:

 

• күнделікті (ағымдағы аптаның әдепкі қалпы бойынша сабақ, баға және үй тапсырмасы жөніндегі ақпараттар);

 

• статистиканы (осы есеп беру кезеңіндегі оқыған пәндері бойынша сараланған бағалар («5», «4», «3», «2») саны және жақсы бағалар пайызы);

 

• пән бойынша статистиканы (фильтрде таңдалған пәндер және есеп беру кезеңі бойынша барлық бағалар туралы жиынтық ақпарат);

• семестр/тоқсан/ триместр бойынша статистиканы (берілген есептік кезеңде оқытылған пәндер бойынша барлық бағалар және қатыспағаны туралы жиынтық ақпарат);

 

• қорытынды статистиканы (қазіргі уақытта қойылған барлық қорытынды бағаларының жиынтық тізімдемесі) көруге болады.

 

Үй тапсырмасы «Үй тапсырмасы» бөлімінде қолжетімді, ал қоңырау және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады.

 

Мұғалімдер тарапынан біршама жиі қойылатын сұрақтар.

 

ü Біз «Kundelik.kz» жүйесіне тіркелдік. Әрі қарай не істейміз?

 

Мектеп профилін қосу жөніндегі негізгі нұсқаулық «Әкімгер басшылығы» болып табылады, ол мектепті әкімгермен қосудың негізгі кезеңі туралы айтады.

 

Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы мақалада: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218048528 мектеп профилін қосу сызбасы берілген және ақпаратты енгізу кезеңдері көрсетілген.

 

Жүйеге мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін қалай жаппай енгізуге болады?

 

Мектеп профилін толтыру кезінде қызметкер уақытын үнемдеу үшін жүйеде мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.249.157 (0.011 с.)