дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Мұндай оқытудың негізгі мақсаты грамматикалық құзыреттілікті қалыптастыру емес (сөз тіркестері мен сөйлемдерді сауатты құру, мезгіл шақтарын дұрыс қолдану, әртүрлі сөйлемдерді құру түрлерін білу), коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Сөзсіз, грамматикалық құзыреттілік маңызды, бірақ коммуникативтік тәсілдемеде грамматикалық ережелерді іс жүзіндегі қарым-қатынаста қолдануға негізделген.
Коммуникативтік құзыреттілік тілді әртүрлі мақсат пен функцияда қолдануды, түрлі сипаттағы және типтегі мәтіндерді құру, оқу және түсіну, шектеулі лексикалық және грамматикалық базасы болғанның өзінде әңгімеге араласуды қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік тәсілде, ең біріншіден , тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогті әрі қарай өрбіту нұсқасын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету, өзгертіп айту дағдысын дамыту параметрлеріне назар аударылады.
Коммуникативтік оқытуда білім алушы тек қана тіл туралы білімді меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді: қоғамдағы тәртіп үлгісі, сол елдің мәдениеті мен мәдениет нормалары туралы білімі, осылардың бәрі шынайы қарым-қатынастың жағдаяттарында сөйлеушіменөзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Мақсатты үш тілді оқытуда қолданылатын келесі әдістемелік тәсіл – мәдениетаралық-коммуникативтік тәсіл. Бұл тәсілде тілдерді оқытуда тұлғаның мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Мұндай тәсіл бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
− туған жері, оның ерекшелігі, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы түсінік қалыптастыру. Бұл білім алушының когнитивті тәжірибесін кеңейтуге және құндылық жүйесінің бағдарын, оның ішінде өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілік, ұлттық мәдениетке, тілге құрметпен қарауын қалыптастыру үшін қажет;
− өз жерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы алынған ақпаратты тарату үшін жағдай жасау;
− мәдени-білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз
ету.
Осы тәсілдердің негізінде үш тілде оқыту келесі қағидаттардан құрылады:
1) тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты, бұл – тілді мәдениет аралық қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік құндылық, мәдени-ұлттық мұраның бейнесі, қоршаған ақиқатты тану құралы ретінде оқыту;
2) білім беру мазмұнындағы қазақ тілі (мемлекеттік) және орыс тілінің теңгерілімділік қағидаты, біріншіден, нақты аймақтың әлеуметтік лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді. Көп жағдайда, Қазақстанның әр аймағындағы тілдердің қолданыс белсенділігі бірдей емес. Өйткені еліміздің оңтүстік аймағында орыс тілінің белсенділігі төмендеу, керісінше, солтүстік аймақтарда қолдану аясы кеңірек;
3) «білімге екі жақты ену» қағидаты – біріншіден, тіл білім беру үрдерісінде әрі оқыту құралы, әрі оқу пәні ретінде қолданылатынын біліреді:
3.1. тіл оқу бағдарламалары аясында оқу пәні ретінде қазақ тілді емес
|