дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
жұмыстарымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс түрінде) эталонымен салыстырылады. Не нәрсеге үйретеді, соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі – оқу мақсаттарының нақты көрсетілуі.
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі алдымен білім алушыларды табысты оқуға ынталандыруға, білімдегі олқылықтарын анықтауға және олардың өсуін көрнекі түрде көрсетіп отыруға бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалаудан тұрады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін педагогтер мен ата-аналар әртүрлі қабылдады. Сол себепті, жыл бойы сұрақтар туындады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:
- оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді;
- білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады;
- оқу бағдарламаларына сәйкес дағдыларды дамыту және білім алуға дәлелдемелер жинақтау мен оқыту мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- әрбір сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды.
Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара байланысына негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.
Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір практикалық дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының қаншалықты табысты меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық айқындалған, алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың жетістіктерін салыстыру. Осыған сәйкес, әрбір білім алушының жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты, оның алдыңғы жетістіктерімен салыстырғандағы табыстарының динамикасын да тіркеуге мүмкіндік бар.
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұымдастыру, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну үшін қолдану ұсынылады. Бағалаудың бұндай жүйесі біріншіден балаларды табысты оқуға ынталандыруға,
|