Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

1) сабақ аясында қоңырауға дейін білім алушыларды үй тапсырмасы бойынша хабардар ету;

 

2) үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;

3) білім алушылардың орындайтын аз көлемді тапсырмалар (орындалуы міндетті) мен көп көлемді тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) байланыстыру;

 

4) сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) қызметінiң үлгілік қағидаларының 19-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

 

Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

 

Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзылыстарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді.

 

Ата-аналар қоғамдастығында адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында инклюзия тәртібінде білім алушы ерекше білім беруді қажет ететін балалар бойынша әр мектептің әкімшіліктері жылына бір рет әр параллель сыныптарда барлық адамдарға бірдей қарым-қатынас жасау қамтамасыз етілетіндігі, алайда денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау қажеттілігі туралы және инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіндіру мақсатында ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты – барлық ата-аналар инклюзивті білім берудің8

 

принципін меңгеруге қол жеткізуі:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.224.116 (0.008 с.)