дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

Педагогикалық процестің мазмұнына қойылатын талаптар:

 

Мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында) оқу процесі бес

күндік жұмыс аптасы бойынша жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) педагог қызметкерлері білім беру процесін ұйымдастыру төмендегі құжаттарды басшылыққа алады:

 

- перспективалық жоспарлау;

 

- циклограмма;

- мониторинг (Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасы). Педагог перспективалық жоспардың негізінде ортақ тақырыптарға сәйкес

 

бір аптаға циклограмма жасайды.

Педагог перспективалық жоспарды негізге ала отырып (айлық ортақ тақырыптар, апталық тақырыпшалар) циклограмма құрастыру кезінде алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін ҰОӘ бойынша әдебиеттерді, оқу-әдістемелік құралдарды, тақырып бойынша иллюстрацияларды, өлеңдер, жұмбақтар, ойындарды және т.б. таңдайды. Одан әрі ол ҰОӘ ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің құралдарын, әдістерін және тәсілдерін анықтайды.

 

ҰОӘ мазмұнын педагог құрастырады, ол:

І. Кіріспе бөлім (тақырыпқа ену: балалардың өткен материалдарды қалай игергенін білу үшін жетелеуші сұрақтар, жаңа тақырыпқа біртіндеп көшу);

 

II. Негізгі бөлім (жаңа материал (ойын түрінде); жаңа материалды бекіту сұрақтары (ойын түрінде);

 

III. Қорытынды бөлімнен (сабақ бойы не өткенін, есте сақтағанын, не ұнағанын балалармен есіне түсіру, бекіту сұрақтары, жаңа материалды бекіту ойындары) тұрады.

 

ҰОӘ барысында оқу қызметі, ойын әрекеті, күн тәртібінің сәттері барысында педагог балалардың дамуын бақылап, мәселелерді анықтайды. Бақылау мәліметтері диагностиканы жүргізуге негіз бола алады.

 

Педагог Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу

 

жөніндегі әдістемелік ұсынымдамаларға сәйкес әрбір баланың даму динамикасы мен болашағын Баланың жеке даму картасында және Бақылау парағында белгілейді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.220 (0.006 с.)