АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

Поиск

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы

 

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

ТУРАЛЫ

 

Әдістемелік нұсқау хат

 

 

Астана

 

 

 


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).

 

 

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 362 б.

 

 

Жинаққа 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң мектепалды даярлық және 1 -11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.

 

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

 

©Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

 

білім академиясы, 2017


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.

 

Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.

 

Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:

 

- командадағы жұмыс дағдылары;

- көшбасшылық қасиет;

 

- бастамашылық;

- IT-құзыреттілік;

- қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.

2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім беру саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады.

 

ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады.

 

XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған ақпаратты қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді.

 

Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.

 

Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.

 

Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім беруге бет алды.

 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)

2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беруге жасаған шолуында академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.146.176.112 (0.01 с.)