дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Назар аударыңыздар!

 

Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар, сабақ кестесінде көрсетілген, қайталауға берілген сағаттардың есебінен, оқу пәндерінің мазмұнына кіріктіру арқылы келесі жұмыс күндеріне

 

ауыстырылады.

 

1, 2, 5, 7-сыныптарға арналған жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларында қайталау сабақтары барлық оқу пәндерінде бірдей қарастырылмаған. Сондай-ақ әр тоқсанда бөлімдер бойынша және бөлімдердің ішінде сағат санын бөлу мұғалімнің қалауы бойынша өзгертіледі, сондықтан қайталау сабақтарын мұғалімнің өзі енгізуге құқығы бар.

 

Оқу жылы барысында каникул күндері белгіленді:

1) 1-11 (12)-сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы


 

 


 

30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан

 

– 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);

 

2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптардағы қосымша каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).

 

2-4-сыныптарда пәндік нәтижелер базалық деңгейде белгіленеді, келесі сыныптарда – үш деңгейде: базалық (міндетті), 5-11 сыныптарда ілгері мүмкіндік деңгейі (таңдау пәндері бойынша 1 сағат көлеміндегі вариативті компонентті меңгеру үшін) және 8-9-сыныптарда ілгері бейіналды, 10-11-сыныптарда ілгері бейін деңгейінде (жалпы білім беру ұйымдарының пәндерді тереңдетіп меңгеру үшін оқытатын типтік оқу жоспарларының таңдалған нұсқалары).

 

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-2-сыныптардың толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

 

1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;

3) ағылшын тілі;

4) өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

 

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 3-4, 6, 8-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

 

1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін сыныптардағы орыс тілі;

 

4) шет тілі;

5) информатика;

6) бейінді пәндер;

7) технология (6, 8-11-сыныптарда толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);

 

8) дене шынықтыру сабақтарын өткізуде (6, 8-11-сынып) сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

 

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 5, 7-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

 

1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.156.84 (0.01 с.)