дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
барлық МЖМБС және оқу бағдарламаларының қағазға шығарылған бір нұсқасы болса жеткілікті. Мұғалім МЖМБС және оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеуіне болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы бойынша «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.
Назар аударыңыз!
2017 -2018 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (5-7 сыныптар), «Қазақ әдебиеті» (6-сынып), «Қазақ тілі және әдебиеті» (5, 7-сыныптар), «География» (6, 7-
сыныптар) пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда (мектептен тыс жерлерде) өткізу үшін көрсетілген пәндерін бойынша барлығы оқу жылында 5 сағат бөлініп отыр. Қажетті ғимараттардың болмауы себепті мұндай сабақтарды ұйымдастыра алмайтын ауыл мектептері үшін арнайы бейнематериалдар әзірленеді. Бұл бейнематериалдар әзірленуіне қарай білім басқармаларына жіберіледі.
Назар аударыңыз!
|