дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
I жарты
II жарты
I жарты
II жарты
жылдық
жылдық
жылдық
жылдық
Ауызша
Есептеу
Математикалық
Диктант
Ауызша есептеу мен математикалық диктанттың бағалау нормалары Бақылау ауызша есептеу: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы –1-2 қате; «3»
бағасы – 3-4 қате.
Бақылау математикалық диктанты: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы – 1-2 қате және 1-2 кемшілік; «3» бағасы – 3-4 қате және 1-2 кемшілік; «2» бағасы –
5 және одан көп қате.
Бағалау нормасы
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің жіктелуі Қателер:
- тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін білмеу және дұрыс қолдана алмау;
- амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау; тапсырманың мақсаты есептеу білігі мен дағдысын тексеру кезінде қате есептеу;
- дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал, тәсілдерді қалдырып кету;
- түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған өлшеулер мен геометриялық құрылымның берілген параметрге сәйкессіздігі.
Кемшіліктер:
- мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыс көшірмеу;
- математикалық ұғымдардың, шамалардың қате жазылуы;
- тапсырма жауабының болмауы немесе жауабында жіберілген қателер; егер 2 кемшілігі болса, ол 1 қатеге саналады.
Өрескел қателер:
- мысалдар мен есептердегі есеп қателері, арифметикалық амалдарды орындау тәртібін білмеудегі қате;
- есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау, артық амалдар);
- есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған тапсырма.
Өрескел емес қателер:
- есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс қойылмауы;
- қате тұжырымдалған есептің жауабы;
- мәліметтерді қате көшіру (сан, белгі); түрлендірулерді аяғына дейін
|