дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
29-кесте – Білім алушы дәптерлерінің саны
Пән
Жұмыс
Жазба жұмыс дәптері
Барлығы
дәптері
Қазақ
әдебиеті
«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіп бойынша орындау ұсынылады:
- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;
- көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
- дәптер сыртын үлгі бойынша білім алушы өзі толтыруы қажет.
- қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге мазмұндама, шығарма, эссе орындалады).
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;
- сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- мәтін азат жолдан басталады;
- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;
- дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
Оқу жылдамдығы – білім алушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:
- оқу техникасы (сөздерді, сөйлемдерді дұрыс оқу және дыбыстау);
- мәтінді түсінуі (оның мағынасын, мәнін, мазмұнын ұғыну).
Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені оқу техникасын жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.
Оқу жылдамдығын дамыту – мәтіндегі сөздерді қалай болса, солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшандықпен оқу.
Оқу жылдамдығы дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде оқылатын мәтіннің көлемі. Жалпы, оқу техникасымен жұмыс – ұзақ процесс, оған балалар үнемі қызығушылық таныта қоймайды. Дегенмен жақсы оқу техникасы болмайынша, баланың жоғары сыныптарда білім алуы қиынға соғады.
Осыған орай, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде әзірлеген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектеп деңгейлерінің оқыту тілдері бойынша әдістемелік ұсынымдама »Академия сайтына(www.nao.kz)орналастырылды.Әдістемелікқұралда оқу мәтіндерінің түрлері мен оқу техникасы, оқу әдістері қарастырылып, негізгі мектептердегі оқу нормативтері мен оқу
|