дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
жылдамдықтарын тексеруі бойынша ұсынымдамалар берілген. Төменде берілген ұсынымдамаларды 6, 8, 9-сынып білім алушыларының оқу жылдамдықтарын дамыту барысында қолдану ұсынылады.
6, 8, 9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар:
1) мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу;
2) оқу барысында сөзді бұзбай, автордың айтатын ойын дұрыс жеткізу.
30-кесте – 6, 8, 9 – сыныптарға арналған оқу нормативтері
Сынып
Сөз саны
Таңба саны
6-сынып
105-110
720-780
8-сынып
120-130
840-900
9-сынып
130-155
900-1080
6, 8, 9 -сыныптарда оқу жылдамдығын тексерудің ерекшеліктері.
Оқу жылдамдығын тексеруге арналған мәтіндер төмендегі талаптарға сай болуы қажет:
• нақты сюжеттік негізінің бар болуы;
• күрделі емес құрылымда құрылған сөйлемдерден тұруы қажет;
• мәтіндер диалогтерден, өлең жолдарынан, түсініксіз сипаттаулардан болмауы керек ;
• оқушыларға таныс сөздерден тұруы қажет;
• мүмкіндігіне қарай эмоционалдық қарым-қатынастан бейтарап болуы
керек.
Оқу жылдамдығына талдау жасау барысында:
• оқу тәсілі;
• оқу қарқыны;
• оқу сауаттылығы;
• түсініп оқуы;
• мәнерлеп оқуы ескеріледі.
Оқу жылдамдығын тексеруге таңдалатын мәтіндер бала танымына жақын, етене таныс, күнделікті қарым-қатынас жасап отырған ортаға байланысты таңдалады. Мәтіндер қызғылықты, қоршаған орта мен табиғатты терең тануға ықпал ететін, дүниетанымын кеңейтетін, ұлттық рухты көтеретін, батырлыққа, ерлікке жетелейтін, баяндалатын іс-әрекет пен оқиғалар сабақтаса байланысқан, бірін-бірі толықтыратын болып келу жағы қарастырылады. Оқу жылдамдығын тексеру барысында мына төмендегі материалдарды пайдалануға болады:
1) жыл мезгілдері және олардың бір-бірінен өзгешеліктері, ерекшеліктері;
2) білім алушылардың өз бастарынан кешкен оқиғалары;
3) оқыған кітаптары, естіген әңгімелері, көрген кинофильмдері;
4) қоршаған орта мен табиғатты бақылаудан алған әсерлері мен ой-пікірлері;
5) балалардың еңбек әрекеттері, ойындары;
6) отбасы, ауылы, туған өлкесі;
|