дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).

 

Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет. Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі. Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға

 

көрсетілуі керек:

- орфографиялық қате – /.

 

- тыныс белгілер қатесі – ۷

Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:

1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруде отандық және әлемдік тәжірибедегі жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың артықшылықтары;

 

2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін топтық жұмыстар арқылы оқыту жолдары;

3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін құзыреттілік тұрғысынан оқыту нәтижелері туралы;

 

4. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары;

 

5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру;

 

6. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.

 

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін).

Мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – білім берудің басым мақсаттарының бірі. Оның нәтижесі білім алушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістерді білім беру процесіне оңтайлы енгізу – мектеп пен ұстаз қауымына қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.

 

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілді) пәнінен оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей белгіленген:

6 - сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

8 - сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

 

9 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілетін жазба жұмыстарының нормалары


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.202.168 (0.009 с.)