дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
5) сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі білім алушыға түсінікті болуы тиіс.
6) Білім алушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп
жазады.
«Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:
Білім алушыларда болуы тиіс дәптерлер саны туралы мәліметтер ұсынылады.
25-кесте – Білім алушы дәптерлерінің саны
Пән
Жұмыс
Жазба жұмыс
Барлығы
дәптері
дәптері
Қазақ тілі
Дәптер тексеру тәртібі:
1) 6, 8, 9-сыныптарда жұмыс дәптерлері аптасына бір рет тексеріледі;
2) 9 - сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада бір рет тексеріледі;
«Қазақ тілі» пәнінен барлық дәптерлердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіппен орындау ұсынылады:
- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
- дәптер сыртын үлгі бойынша білім алушы өзі толтыруы қажет:
«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады).
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.
- үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
- жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
- сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- мәтін азат жолдан басталады;
- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Баға тапсырмадан кейін дәптердің сол жақ шетіне нүктесіз қойылады. Талдау жұмыстары қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем
мүшелеріне талдау).
Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі
тиіс.
|