Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ

 

Музыка

«Музыка» пәнінің мақсаты білім алушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген. Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.

 

Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға негізделген. «Мұғалім – оқушы » технологиясы шынайы шығармашылық қарым-қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы оқушылардың шығармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі. Бастауыш сыныптарда саяхат-сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады.

 

«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.

 

Музыка сабағында жұмысты бағалау

 

«5» бағасы – аталған үш критерийлерге немесе алғашқы екеуіне сәйкес


 

 


 

болғанда қойылады: музыкаға қызығушылық таныту, оған тікелей эмоционалды жауабы , тыңдаған немесе орындалған шығарма туралы өз ойын айту; іздену жағдайы барысында анықталған, оқушының белсенді жігері және музыканы қабылдау барысында ең алдымен бастапқы білімдерін қолдану білігі; орындау дағдысының өсуі, бұл оқушының дайындық деңгейі мен сабақтағы белсенділігін есепке ала отырып, бағаланады.

 

«4» бағасы – екі немесе бір критерийлерге сәйкес болғанда; «3» бағасы – берілген критерийлерге сәйкес болмағанда;

 

«2» бағасын қоюға жол берілмейді, себебі ол баланың қызығушылығын және соған сәйкес сұлулық пен мейірімділікке деген қажеттілігін жояды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 13; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.224.43.98 (0.008 с.)