дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, тарихи оқиғалар мен жаңа процестерді талдау және салыстыру дағдылары қалыптасады.
«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына байланысты «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов туралы тақырыпты «Алаш» қозғалысы, «Алашорда үкіметі» оның қайраткерлері туралы қосымша мәліметтермен толықтыру ұсынылады.
9-сыныпта «Қазіргі заман тарихы» курсы ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы ең маңызды процестерге, құбылыстарға , ұғымдарға баса назар аудару, адамзат дамуының жалпы бейнесі туралы түсінік қалыптастыруға негізделген.
Сонымен қатар саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуды, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи процестердің пайда болуын түсіну және түсіндірумен ерекшеленеді.
Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М.Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері. «Алаш-Орда» үкіметі бойынша білім беруде білім алушыларды «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдауға; қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау жасауға, ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беруге бағыттау ұсынылады. Білім алушылар қоғамдық сананың рөлін қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдай білуі және оған баға беруі тиіс.
Осыған байланысты қызметі қазақ мәдениеті ошақтарын дамытуға, оқу-ағарту ісіне, қазақ халқының әдеби тілін қалыптастыруға және ғылыми құндылықтарды сақтауға бағытталғанқуғын-сүргінге ұшыраған екі ұрпақ алашордалықтар –Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов туралы жазылған «Хаттар сөйлейді» және «Әке мен бала – өз Отанының патриоттары» кітап материалдарын; С. Әлжанова мен Г. Төлемісованың «Алаш» партиясы идеологтері және көшбасшыларының бірі Отыншы Әлжанов туралы жазылған «Алаш Орда бүркіті»; В. Могильницкийдің зиялы қауым өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Атаусыз қызғалдақтар. Карлагтың ұлы тұтқындары»көркем-деректі очерктерін пайдалану ұсынылады.
Аталған әдебиетте қазақ интеллигенциясы өкілдерінің өз халқына қызмет жасаудағыжүріп өткен ауыр жолы көрінеді.
1937 жылғы саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толуына байланысты білім алушыларды 1937 жылдағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдауға бағыттау ұсынылады.
Сонымен қатар, мұғалімге білім алушылармен бірге түрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты мәселелерді және саяси, әлеуметтік, табиғи, экологиялық қауіп-қатер жағдайындағы дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын талқылау ұсынылады.
Тарих сабағында дұрыс құрастырылған сұрақтар маңызды орын алады. Мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден
|