дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
- орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;
- түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;
- емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;
- сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.
«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс.
10-11-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен арнайы дәптерлер болуы тиіс және дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет.
35-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
Жұмыс дәптері
Жазба жұмыс дәптері
Барлығы
Қазақ тілі
«Қазақ тілі» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстары келесі тәртіппен орындау ұсынылады:
- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
- дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;
- үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
- жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
- сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- мәтін азат жолдан басталады;
- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;
- баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады;
- талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау);
- төл дыбыстарды дұрыс жазбаса жиек жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі
тиіс;
|