дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

ә) мұғалімнің таңдауы бойынша нормативтерді орындау нәтижелері.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады . Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Оқу жылы ішінде 4 реттен кем емес жалпы мектептік «Денсаулық күні» өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға (қозғалыстарды қайталау, гимнастика жасау және т.б.) мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz).
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
– «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).
«Дене шынықтыру» пәні бойынша 6, 8, 9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі:
– 6-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
– 8-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
– 9-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
|