Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

оралымдарын   тиімді      қолдану,

шығармашыл жазбаларда сөздік

қорының байлығын дамыту, талдау

жұмыстарында қажетті термин

сөздерді тиімді қолдану.

 

Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Эссенің әдебитақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады. Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет. Әдеби эссенің мақсаты, өзіндік жазылу ерекшеліктері бар. Мақсаты, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады. Мысалы, «М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды автордың оқырманына жеткізу тәсілдерін талдап жаз». Әдеби эсседе автордың тосын және қатыгез эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазады.

 

Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына, сондай-ақ, өзінің өмірлік тәжірибесіне (жеке әсерлеріне, өзіндік ойларына, біліміне және т.б.) сүйенуімен дәйектеуге болады.

Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде білім алушы көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибесіне де (сезімі мен тақырыпқа қатысты ойларына және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін.

 

Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.

 

Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша көлемі 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана алады.

 

Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет.

Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.

 

Эссе – ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркін композициялық прозалық шығарма. Эсседе ауқымды мәселелердің талдауы болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, ондай шығарма философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің мақсаты – өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдыларын дамыту. Эссе мазмұнында ең алдымен ойды нақты және сауатты тұжырымдау, ақпаратты жүйелеу, негізгі түсініктерді қолдану, себеп-салдар байланысын және тәжірибені нақты мысалдармен көрсете білу, ойларын қорытындылай білу бағаланады.

Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.44.145 (0.008 с.)