дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

тілі сабақтарындағы тыңдау материалдарын пайдалану - жас ерекшеліктері мен жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мүддесіне жауап беруі, елдегі оқытылатын тілдің олардың кәсіптік бағдарлық және қайта даярлаумен танысуды қамтамасыз етуге,таңдаған кәсіптің ерекшелігімен және шет тілінің болашақ мамандықты меңгерудегі рөлімен танысуға, ғылыми-техникалық және мәдени өрлеуге қосылуға, таңдап алған салада кәсіби бағыттағы жалпы ой-өрісін кеңейтуді қамтамасыз етуі қажет.
Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сондай-ақ білімін, сөйлеу қызметінің барлық түрінде шеберлігі мен дағдысын арттыруға, әрі қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында бейіндік бағыттағы базаны жалғастырып оқуға мүмкіндік береді.
Тұлғалық және бейіндік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық-креативті оқыту деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәйкес шет тілдерін В1+В2 деңгейінде білуді қамтамасыз етуі тиіс. Білім алушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі тиіс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлеулерді түсіну және ой қорытуы тиіс.
Шет тілі бойынша сағат саны:
- қоғамдық-гуманитарлық бағыты:
10 -11-сыныптарда – аптасына 3 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – 102 сағатты құрайды;
- жаратылыстану-математикалық бағыты:
10 -11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – 68 сағатты құрайды.
Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері
Білім алушылар 10-11-сыныптарда шет тілдері бойынша оқытуда барлық жұмыс түрлерін орындау үшін 1 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған, осыған орай 1 дәптер жүргізу ұсынылады), шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптері, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптері (кабинетте жыл бойына сақталады) болуы қажет.
Қазіргі білім беруде заманауи бағытты, соның ішінде шет тілдерді оқыту бойынша процесті ескере отырып, сөздік дәптерін үш тілде жүргізу ұсынылады (қазақ, орыс, ағылшын). Сонымен қатар, дұрыс дыбыстауға дағдыландыратын транскрипцияға ерекше көңіл бөлу керек және жеке сөздерді жазумен ғана шектелмей, сөздер мен идиомалық тіркестерді де жазып отыру қажет.
Оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар:
- дәптердің сырты оң жақтағы жоғарғы бұрышына қаланың, мектептің, сыныптың, пәннің атуы мен оқушының тегі, аты шет тілінде жазылып толтырылады;
- дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі;
|