дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
деген тұрақты қызығушылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:
– үй тапсырмаларын оқулық параграфтарын жаттап алуға және тапсырмаларды орындауға ғана пайдалануға болмайды. Шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды көбірек қолдану қажет;
– үй тапсырмаларына оқушылардың өз оқу әрекеттерінің нәтижелеріне өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу;
– үй тапсырмасына мазмұны және орындалу түрі бойынша түрлілігімен ерекшеленетін тапсырмалар беру;
– үй тапсырмасының көлемін анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.
Білім саласы пәндерінің қолданбалы курстары немесе таңдау курстарының тақырыптары мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:
Биология:«Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер»,«Әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің эволюциясы», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика», «Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді заттар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасушаның жұмбақтары», «Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биология проблемалары», «Жасушалар және ұлпалар», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология» «Нанотехнологияларға кіріспе», «Биотехнология және қауіпсіз орта » .
География:«Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалықмодельдері және әдістері», «Картографияның математикалық модельдері және әдістері», «Қазақстан географиясын оқу барысындағы жобалық технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді моделдеу», «Дүниежүзілік энергетика және саясат», «Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамыту», «Еліміздің бүгінгі жасыл энергетикасы», «Медициналық экология», «Медициналық география», «Жобалық есептер мен тапсырмаларды шешу әдістері», «География, тарих, өнер: қиылыстар және өзараәрекеттесу», «Адамзаттың жаһандық проблемалары және апаттар қаупін азайту» .
Физика:«Мектептің физикалық практикумы:бақылаулар,эксперимент,модельдеу», «Физикада жаңалықтар қалай ашылады», «Математикалық модельдер және физикадағы әдістер», «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және оның адам өміріне әсері», «Физика және компьютер», «Өндірісті автоматтандыру негіздерін зерделеудің қолданбалы физика курсы», «Ауыл шаруашылық өндірісі материалдарындағы қолданбалы физика курсы», «Физика ғылымындағы іргелі эксперименттер», «Физикалық-техникалық модельдеу», «Ғарышкерлік негіздері», «Ғарыш физикасы», «Биофизика элементтері», «Биохимиялық физика», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері»,
|