дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
Оқу пәнінің міндеттері:
ü оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;
ü оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.
11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.
10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.
Әрбір оқу орнында меншік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:
1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;
2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;
|