дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ Жаратылыстану
«Жаратылыстану»пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымыбойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы «Биология », «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтайтын технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
62-кесте – «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Жиынтық бағалаудың рәсімдері
Сынып
І
ІІ
ІІІ
ІV тоқсандағы
тоқсандағы
тоқсандағы
тоқсандағы
ЖБ саны
ЖБ саны
ЖБ саны
ЖБ саны
1-сынып
-
-
2-сынып
|