Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағатты;

2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

 

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ Дүниетану

 

«Дүниетану»оқу пәнінің мазмұны адам,табиғат және қоғам,оныңішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.

 

Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып , олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалық пән.

 

Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.

 

«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.

 

63-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны

 

Сынып

 

Жиынтық бағалау рәсімдері

 

 

І тоқсандағы

ІІ тоқсандағы

ІІІ тоқсандағы

ІV тоқсандағы

 

 

ЖБ саны

ЖБ саны

ЖБ саны

ЖБ саны

 

1-сынып

-

-

 

 

 

 

 

 

2-сынып

 

 

«Дүниетану» оқу пәні жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыруына бағытталған.

 

«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

 

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.171.72 (0.008 с.)