Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан мұғалім қысқа мерзімді жоспар әзірлеуде ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.

 

Бастауыш мектептің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының мазмұны шынайы өмірмен тығыз байланысты, практикаға бағытталған және байқампаздық, білуге құмарлық, ақпаратпен жұмыс істей білу, өз көзқарасын білдіру сияқты қасиеттердің дамуына ықпал етеді.

 

1, 2-сыныптардың білім алушылары үшін «патриотизм», «адамгершілік құндылықтар жүйесі» сияқты ұғымдар әзірге абстрактылы сипатта болады. Ал «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған әлем», «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» деген тақырыптар оларға жақын және түсінікті. Оқушылардың өз отбасы, үйі, ата-анасына деген махаббаты, достық туралы әңгімелер және кез келген саяхат туған үйінен басталатынын түсінуі, көп жағдайда оқушының өзін-өзі отбасы мүшесі ретінде айқындауын қамтамасыз етеді және адамгершілік бағдарларды қалыптастырады.

Ортақ тақырыптар әр тоқсанға екі-екіден тең бөлінген. Мұғалім әрбір ортақ тақырыпқа бөлінетін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне байланысты өзі өзгертеді.

 

55-кесте – 1,2-сыныптардың оқу бағдарламаларындағы ортақ тақырыптар

 

 

Тоқсан

 

 

 

Ортақ тақырыптар

 

 

1-сынып

 

2-сынып

I

Өзім туралы

 

 

Өзім туралы

 

Менің мектебім

 

 

Менің отбасым және достарым

II

Менің

отбасым

және

Менің мектебім

 

достарым

 

 

 

 

 

Бізді қоршаған әлем

 

Менің туған өлкем

III

Саяхат

 

 

 

Дені саудың жаны сау

 

Салт-дәстүр

және

ауыз

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

 

әдебиеті

 

 

 

 

IV

Тағаммен сусын

 

Қоршаған орта

 

Дені саудың жаны сау

 

Саяхат

 

Оқу бағдарламаларында күтілетін нәтижелер оқу мақсаттарының жүйесі түрінде тұжырымдалған, олар оқу пәнінің мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады.

 

Бағалау критерийлері бар оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.165.192 (0.01 с.)