дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
http://www.tarih-begalinka.kz;http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/;
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:
«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы(1667-1764);
2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);
3) Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл(1917-2017);
4) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл(1937-
2017);
5) Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325-жылдығы(1692-1770);
6) Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы»
105 жыл(1912-2017);
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл
(1992-2017);
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл
(1992-2017);
9) «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі(маусым-қыркүйек,2017);
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар , теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және ьілім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:
- тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;
|