Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

өзіндік білімін көтеруде, Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршіліктерінің ерекшелігімен танысуда, Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан үлесімен танысуда қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін пайдалану мүмкіндігін дамытудан тұрады.

10-11-сыныптарда шет тілі пәнін оқытудың міндеттері:

- оқушылардың шет тіліндегі жалпы мәдениаралық қарым-қатынаста әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіптік оқу саладағы коммуникативтік мәдениеті мен әлеуметтік білімін дамыту;

 

- жалпы мәдени үлгіде түрлі мәдениеттану ақпараттарын жинақтау, жүйелеу мен өңдей білуді дамыту және коммуникативті-танымдық мәселелерді шеше білуде түсіндіру, қолдана білу;

 

- пікірталастық қарым-қатынаста ағылшын тілді елдер мен Қазақстанда адамдардың мәдениеті, өмір сүру салты мен стилін шет тілінде әдеп негізінде оқыту;

 

- шет тілінің вариативтілігі мен оның ағылшын тілді және әлемнің басқа елдерінде қолданылу ерекшелігін, ресми және бейресми қарым-қатынастағы ауызша және жазбаша мәтіндердің құрылымдық ерекшелігі туралы білім алушылардың филологиялық білімдерін тереңдету;

 

- білім алушыларды тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени құзыреттілік қалыптасу деңгейінде өзін-өзі бағалау негізіне оқыту және өзінің тілдік білімін жетілдіру қажеттілігін дамыту.

 

Шет тілін меңгеру заманауи коммуникативтік әдістер көмегімен оқушылардың интерактивті дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау және басқалармен қарым-қатынас жасау негізінде жақсы өткізуші болуын дамыту. Шет тілін білетін жақсы коммуникативті дағдылары бар оқушылар Қазақстан елінің дамуына өз үлестерін қосады.

 

Заманауи әлемдегі жаппай жаһандық коммуникация бойынша шет тілінде қарым-қатынас жасай білу біліктілігінің шешуші маңызы бар. Білім алушылар шет тілінде оқи білулері, жаза алулары және шет тілінде өзінің қатарластарымен және мұғалімдерімен түсінісіп, жоғары деңгейде қарым-қатынас жасай алулары керек. Шет тілі коммуникация, ғылым, бизнес, бос уақыт, саяхат және спорт саласында жиі қолданылады. Білім алушының шет тілі бойынша меңгерген жақсы білімі өзінің білімдік, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда дамуына зор мүмкіндік береді .

 

Орта мектепте шет тілінде білім беруді аяқтау кезеңінің негізгі айырмашылығы – шет тілі бейіндік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып табылуында. Нақты бейіндік бағыт, яғни оқу мазмұнын қайта құрылымдау есебінен, жалпы білім беру тақырыптарын қысқартумен, болашақ білім алушыларды мамандыққа бағытталған оқу материалының кіріспесімен, коммуникативтік құзыреттілікті сөздік қорды байыту жолымен, мәтіндік материал негізінде бейіндік бағытты жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.

 

Сондай-ақ, жоғары сыныптарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жалғасын табуы тиіс. Бұл орайда қазіргі әлемде және Қазақстанда шет тілін білудің қажеттілігі мен маңыздылығы болашақта лауазымдық өсуге, кәсіби дамуға зор мүмкіндіктер ашатынын түсінуді қалыптастыру қажет. Шет


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.227.105.110 (0.007 с.)