дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
- дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;
- дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі. Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға
көрсетілуі керек:
- орфографиялық қате - /.
- тыныс белгілер қатесі – ۷
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
1. «Оқытуды ізгілендірудің мақсаты- оқушылардың өздігінен танымдық іс- әрекетін жүргізу»;
2. «Білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету және олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту – деңгейлеп, саралап оқытудың басты қажеттілігі»;
3. «Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйену»;
4. «Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері»;
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру»;
6. «Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы туралы»;
7. « Эссе жазу стратегиясы туралы».
Қазақ әдебиеті(оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
- қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.
- жаратылыстану-математика бағыты бойынша:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге
|