дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты екі түрінің біртұтастығы, халықтық және кәсіби ретінде қарастырады.
Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын қолданып көркем бейне жасауына бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Графика», «Мүсін», «Кескіндеме», «Композиция», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері».
Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеді.
Сабақтардың маңызды нәтижелері:
- мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және өзінше бағалау қаблеті, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі;
- өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.
Сабақтар тұлғаның жеке қасиеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттарда жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады. Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған.
Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізінде қалыптасады.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу материалының мазмұнын ашады, екінші бөлім оны тәжірибеде іске асырудың құралдарын береді, үшінші бөлім тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші бөлім бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада кездесіп отырады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік
|