Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

Химияның оқу бағдарламасы оқушыларға:

 

- атомдар мен заттар молекулаларының құрылысын, химиялық үдеріс барысында олардың қасиеттерінің өзгерісін;

 

- химиялық реакциялар кезінде заттың жалпы массасы мен энергиясының сақталуын;

 

- химиялық реакцияның жылдамдығының химиялық процесс шартының ауысуына байланысты өзгеруін;

 

- ғылыми әдістер мен эксперименттерді жоспарлауға;

- қоғам үшін химияның кең ауқымды мүмкіндіктерін бағалауға;

- жағдайды шынайы бағалау, нәтижелерді қорытындылау, эксперименталды жұмыстар жүргізу кезінде қорытынды жасау маңыздылығын;

 

- техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, қоршаған ортаға қауіпсіз химиялық айналымдарды жүргізуге болатындығын;

 

- химияның маңызды заңдылықтарын пайдаланып химиялық процестер мен заңдылықтарды болжауға және түсіндіруге болатындығын;

 

- шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы химиялық ақпаратты пайдаланып, өмiр сапасын жақсартуға болатындығын түсінуге мүмкіндік береді.

 

Оқушылар «Химия» пәнін 7-сыныптан бастап оқитын болғандықтан, оқушылар пәннің негізін қалайтын ұғымдар, заңдар мен заңдылықтарды дұрыс түсіндіруді қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Оқушылардың кейінгі сыныптарда осы пәнді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін барынша әртүрлі практикалық және лабораториялық жұмыстар жүргізу ұсынылады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру үшін оқу мақсаттарымен анықталған, сәйкесінше сыныптарда оқытудың күтілетін нәтижелеріне ерекше назар аудару қажет.

 

Мысалы: «Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбы бойынша заттардың бір агрегаттық күйден екіншісіне өтуі бойынша білім негізін салу қажет. Оқушылар графикалық бейнелердегі өзгерістерді көрсете білуі, өзгерістерді анықтауы, қисықтың өзгеру немесе өзгермеу себебін түсіндіруі тиіс. Физикалық және химиялық құбылыстардың өту ерекшеліктерін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан терең түсінуді қалыптастыру үшін оқушылардың оқу жоспарларында ұсынылатын барлық практикалық жұмыстарды немесе олардың баламаларын орындауы міндетті. Бұл жоғары мектепте оқушыларға қоршаған ортада, сондай-ақ тірі ағзаларда өтетін үдерістердің себептері мен салдарын түсіндіруге бағытталған «Термодинамика», «Энергетика», «Кинетика», «Тепе-теңдік» бөлімдерін тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.

 

Бағдарламада Блум таксономиясында белгіленген барлық дағдыларды дамыту көзделген. Дағдыларды таксономиялық әдістемеге сәйкес жеңілден күрделіге қарай дамыту нақты оқу мақсаттарында, сонымен қатар оқу жоспарларындағы мұғалімге арналған оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар беріледі.

Әртүрлі сыныптарға жататын қосылыстардың қасиеттерін түсінуді жақсарту үшін 7-сыныпта барлық химиялық реакция теңдеулері сөзбен


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.42.140 (0.009 с.)