дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;
7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық принципіне, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерінтүсіндіре отырып, зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу;
8) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, осы тұрғыдағы білімін арттыру.
Бағдарламада берілген оқу материалын меңгеру аясында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті» пәндерімен және «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық принципін орнату қарастырылған.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі Бағдарламада дін тарихын, оның жекелеген бағыттары мен ағымдарын
егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі. Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және
дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар, жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.
Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.
Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлілігін білім алушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған.
«Қазақстан – дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты жолы болуы тиіс.
Курстың мазмұнында білім алушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетін мағлұматтар мен білімді меңгереді. Сонымен, жүйелі түрде игерілген білім білім алушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін
|