дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
1. Проблемалық оқыту технологиясы. Бұл технология базалық ретінде қарастырылады, себебі, оқушының өзгертушілік іс-әрекеті проблемалық сипаттағы тапсырмаларды орындау процесінде неғұрлым тиімді іске асырылуы мүмкін. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, проблемалық мазмұндағы міндеттерді шешу оқушылардың танымдық белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту процесінің құрылымы өзара байланысты және күрделенген жағдайлар кешенін білдіреді. Проблемалық оқыту технологиясын іске асыра отырып, мұғалім танымдық (проблемалық) міндет түрлерінде проблемалық сұрақтарды жиі қолданады.
Проблемалық міндетті шешу алгоритмі төрт кезеңді қамтиды:
1) проблеманы түсіну, сұрақтың ішіндегі қарама-қайшылықты анықтау, себеп-салдарлық байланыстар тізбегіндегі үзікті анықтау;
2) гипотезалар қалыптастыру және болжамдарды дәлелдеу жолдарын
іздеу;
3) гипотезаны дәлелдеу, оның барысында оқушылар сұрақты немесе тапсырманы қайта тұжырымдайды;
4) зерттелетін себеп-салдарлық байланыстар - тереңдетілетін және танымдық объектінің немесе құбылыстың жаңа тараптары анықталатын жалпы қорытынды.
Осылайша, проблемалық жағдай туғызатын мақсатты түрде құрастырылған міндеттер жиынтығы, өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктер деңгейінде ойлауды дамыта білуді дамыту сияқты проблемалық оқытудың басты функциясын қамтамасыз етуге арналған. Бұл мектеп оқушыларына оқушылық зерттеулер процесіне қажетті шығармашылық іс-әрекетте белгілі бір тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
2. Шағын топтарда оқыту әдісі. Бұл әдістеме семинарлық сабақтарда неғұрлым тиімді қолданылады. «Шағын топтарда» оқытудың мәні, сыныптың 3-4 шағын топтарға бөлінетіндігінде. Олардың әрқайсысына 5-7 адамнан кіргені орынды, өйткені мұндай мөлшерде оқу барысында өзара қарым-қатынас жасау неғұрлым тиімді.
3. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту жүйесінің негізі, өзіндік іздестіру әрекеті процесінде оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруі болып табылады, яғни жобалау. Маңыздысы, өзінің мәні бойынша жобалап оқыту тұлғалық бағдарланған болып табылады, демек оқушыларға өз тәжірибесінен және басқалардың тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады, оқудағы жетістігін түсінуге, өз еңбегі нәтижелерінен қанағаттанарлық сезім алуына мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жеке және топтық жобалар, нақты практикалық міндеттерді шешуге бағытталған жобалар және жаратылыстану-математикалық пәндердің мазмұнын кіріктіруші жобалар үлкен маңыздылыққа ие болуда. Мысалы, математикада – «Көпжақтар және ежелгі философтардың Ғалам мен кеңістік туралы түсініктері», физикада – «Физика және ғарыштық зерттеулер», химияда – «Су проблемасы және ынтымақтастық стратегиясы», «Шылым
|