Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

түрде жүргізіледі. Түзету компоненттерінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау баллмен бағаланбайды, ол сипаттама түрінде болады.

 

4-тен 6 сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні ендіріледі.

7 және 9-сынып аралығында кәсіби бағыттағы еңбекке оқыту іске асырылады. Мектепке жеке еңбек түрі бойынша бағдарлама әзірлеу құқығы ұсынылады.

 

Жазғы еңбек тәжірибесі оқу жылының аяқталысымен немесе оқу мерзімін ұзартқан жағдайда ағымдағы жылдық мөлшерлеме бойынша жүреді.

 

5 -6-сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп базасында, 7-9-сыныптарда мектеп шеберханаларының базасында іске асырылады . Еңбек тәжірибесінен өткізу мерзімі мен тәртібі жергілікті жағдайларға байланысты мектеп Кеңесімен (педагогикалық кеңес) анықталады. Мектепте білім алу еңбекке оқыту бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар емтихандардан белгіленген тәртіп бойынша босатыла алады. Факультативтік сабақтарға бөлінген сағаттар еңбекке оқыту сабақтарына, түзету бағыттарына және т.б. пайдаланыла алады.

 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда мектепте осы оқушыларға арналған арнайы сыныптармен екінші бөлім ашылады.

 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту аталмыш катеориядағы оқушыларға арналған Типтік оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады. Оқыту жеке оқу бағдарламалар бойынша іске асырылады. Ол баланы жарты жылдан аспайтын мерзім аралығында сынып педагогының және мектеп консилиумы мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық кешенді зерделеуі негізінде құрылады . Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақытының аяқталуы бойынша әрбір оқушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа жоспар құрылады.

 

Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндігін және білім алудағы тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формасын, дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды.

 

Екінші бөлім сыныптарын оқытудың мазмұны мыналарды: өзі туралы түсінігін, өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған орта және ортада бағдарлау туралы қолжетімді түсініктерін, қарым-қатынас жасай алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік бағыттылығына ие және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер туралы білімін қалыптастыруға бағытталған.

 

Бірінші сатыда оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар кіріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы (қарым-қатынас, қимыл, сөйлеу, сенсорлы) дамуына бағытталған. Оқушылардың жеке дамуын алға бастыру шаралары пәндік оқытуға өтумен іске асырылады.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.22.74.192 (0.01 с.)