дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
2014 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге және 2012-2013 оқу жылының көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.
Оқушылардың жалпы санына қарағанда конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 21% құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-ды құрады.
Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 балдан 80 балға дейін артты.
Ынталандыру төлемдері мен сыйлықақылардың арқасында пилоттық мектептердегі педагогикалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу жылы инфляция деңгейін есептемегенде 105,3 мың теңгені құрады, бұл сынақтан өткізудің бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.
Жоғарыда аталған сынақтан өткізу оқу жылдарының нәтижелері қаржыландыру принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
2015-2016 оқу жылы бүкіл кезең бойы пилоттық жобаға бес облыстағы бұрыннан қатысатын 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарының оқушылары ғана қатысты.
Осыған байланысты, пилоттық жобаның 2015-2016 оқу жылындағы форматы 2014-2015 оқу жылындағысынан өзгеше, тек кейбір көрсеткіштерді ғана салыстыруға болады. Олар мынадай:
1) пилоттық мектептердегі 10-11 сыныптардың орташа толымдылығы 20 адамды құрады. Оңтүстік Қазақстан облысының пилоттық мектептердегі сыныптардың ең жоғарғы толымдылығы – 24 оқушы. Бұл көрсеткіш 2014-2015 оқу жылының деңгейінде қалып отыр;
2) 10-11 сыныптардың жыл сайынғы үлгерімін бақылаудың
2015-
2016 оқу жылындағы нәтижесі 56,7 балл, бұл 2014-2015 оқу жылының көрсеткішінен 1,5 балға жоғары. Пилоттық мектептері оқушыларының үлгерімі бойынша ең жоғарғы орташа көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларында – 72 балл, ең төменгі көрсеткіш – 48 бал Алматы облысына тиесілі;
3) пилоттық мектептердегі «Алтын белгі» иегерлерінің саны 8 адамға артып, соңғы оқу жылында 74 адамды құрады;
4) жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған түлектердің саны 2015-2016 оқу жылы 55 адамға жетті. 2014-2015 оқу жылы мұндай оқушылардың саны 22 адам болатын, яғни бұл көрсеткіш 2,5 есеге артты.
5) пилоттық мектептердегі соңғы оқу жылына ҰБТ-ның орташа көрсеткіші 76,8 балды құрады. ҰБТ-ны орташа 86,3 балмен Ақтөбе облысындағы және 84,6 балмен Шығыс Қазақстан облысындағы пилоттық мектептердің оқушылары оқу жылын әлдеқайда сәтті аяқтады. Бұл ретте 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда, көрсеткіштің 1,8 балға төмендегені байқалады.
2015-2016 оқу жылының қалған көрсеткіштері алдындағы оқу жылының деректерімен салыстыруға келмейді.
|