дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

Өзгерістерді енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Үйлестіру кеңесіне енгізілген ұсыныстарды бекіту жөнінде шешім шығару үшін беріледі. Ұлттық білім академиясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді.

Енгізілген барлық өзгерістерімен құжаттардың соңғы нұсқалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынады.

 

Пилоттық мектептердің 3-сыныптарына арналған критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бастауыш мектеп деңгейіне қатысты бекітілген нормативтік-құқықтық актілермен және әдістемелік-нұсқаулық материалдармен реттеледі.

 

Оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді тексеру мақсатында барлық оқу пәндері бойынша 3-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау өткізіледі. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды.

 

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушыларға үздіксіз кері байланыс беріледі. Баға, балл қою жүргізілмейді, алайда мұғалім оқыту барысында оқу процесін дер кезінде түзетеді, білім алушылардың ықтимал олқылықтары мен кемшіліктерін жиынтық бағалауды өткізгенге дейін жояды.

 

Жиынтық бағалауды білім алушының оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, триместр, оқу жылы) оқуды аяқтағандағы ілгерілеуі туралы ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу мақсатында өткізеді.

 

Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» пәндерінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі. Бұл пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі . Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады. Дене шынықтыру бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы тоқсанның және оқу жылының соңында , ал қалған үш пән бойынша жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.

 

 

 

 

 

1-қосымша

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.145.41 (0.009 с.)