алалық масштабтағы желі – MAN (Metropolitan Area Network); 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

алалық масштабтағы желі – MAN (Metropolitan Area Network);

Поиск

Желі архитектурасы

 

Кабель

 

Сервер

 

Коммутатор

 

Маршрутизатор

 

Желілік интерфейс

тақшалары

 

Шлюз

 

Модем

Сурет 12.1 Желілер архитектурасы

 

Сервер.Клиент/сервержелісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы бағдарламаларды сақтауға арналған жоғарғы кӛлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе NOS (Network Operating System) орнатылып, ол сыртқы құрылғыларды да басқара алады.

Коммутатор- телефон арқылы байланысу мүмкіндігін тудырады, мұнда компьютерлер бір-бірімен TCP/IP (Transfert Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы арқылы мәлімет алмаса алады, мұндағы TCP – транспорттық деңгейдегі хаттама, ал IP

– адрестік хаттама. Бір-бірімен ӛзара ақпарат алмасу үшін байланысқан әрбір


компьютердің IP адресі 0- ден 255-ке дейінгі, нүктемен ажыратылған, тӛрт сан арқылы ӛрнектеледі, мысалы: 123.0.12.200.

Маршрутизатор     –  объектілердегі  бірдей        деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру қызметін атқарады. Жүйені басқару ісінің ӛте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалады. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді қабылдау–жӛнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларды ары қарай жӛнелту кезінде оларды басқаша адрестеу (маршруттау) ісін де жүргізе алады.

Желілік интерфейс тақшаларыжелінің функциональдық элементтерін бір- бірімен үйлестіру құралдары, олар столға қойылатын және протативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады.

Шлюз– объектілердегі әртүрлі деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру қызметін атқарады.

Модем((Modem)модулятор/демодулятор) - телефон желісі арқылыкомпьютердің мәліметтерді жӛнелтуін және қабылдауын жүзеге асырады, ол не компьютерге қосылған сыртқы құрылғы, немесе компьютерге қойылған тақша түріндегі электрондық құрылғы.

Желілік бағдарламалық қҧралдар- компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамассыз етеді, сондай-ақ желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рӛл атқарады, желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бермейді.

Бағдарламалық жабдықтармен ақпараттық ресурстарИнтернеттегі әр түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық ресурстар- мәліметтер жиыны. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі – олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір компьютерде, дыбыс пен әуен екіншісінде, ал графика - басқа желідегі, үшінші компьютерден алына береді.

Деректерді ӛткізу моделі – OSI деп аталады, желі бойынша OSI моделін ӛткізудің 7 түрлі деңгейі бар. Транспорттық-желілік деңгейдің интерфейсі OSI деректерді ӛткізу моделі TCP/IP базалық протоколды суреттейді, арналық деңгейінде ақпарат кадр түрінде беріледі, қолданбалы деңгейде ақпарат хабарлама түрінде беріледі.

Желі тҥрлері.Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және ауқымды болып түрлі түрге бӛлінеді.

1. Жергілікті желі(LAN - Local Area Network) – бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір-бірімен және сервермен (қуатты бас компьютер) байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы бағдарламаларды және принтер, факс тәрізді сыртқы құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір компьютер желі түйіні немесе жҧмыс станциясыдеп аталады Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір- бірімен ӛте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Біррангті желі - ерекшеленген сервері жоқ, барлық ЭЕМ-дердің қатынас құқықтары бірдей желілер.

2. Аймақтық таратылған желілер(АТЖ) – WAN (Wide Area Network – широкомасштабная сеть). АТЖ – жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды ӛте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқарыла алады. Ол үшін модем немесе жоғарғы жылдамдықты сандық желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет кӛрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.


АТЖ-дің кӛмегімен электрондық пошта арқылы мәліметтер қабылдау- жӛнелтуге, Интернетпен байланысуға болады.

4. Ауқымды (глобальдық) желі – GAN(Global Area Network) – бұған желілердің желісі болып келетін Интернет желісі жатады. Интернеттің артықшылығы – ол түрлі кӛлемде әр алуан тақырып бойынша ӛзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде кӛрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар, медициналық, комерциялық және банкілер саласында қызмет кӛрсету, қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. күрделі мәліметтер студенттердің кредиттік технология бойынша ӛз бетімен білім алуына үлкен кӛмегін тигізері сӛзсіз.

Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды.Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме – Провайдер деп аталады.Интернетке қосылатын компьютер үшін: пароль, желілік арнайы адрес, телефон нӛмірі және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдері айқын болдуы керек.Интернетке қосылудың бірнеше түрлері бар, олар:

§ Провайдермен модемдік қосылу;

§ Бӛлінген арна бойынша қосылу;

§ Интернетке спутниктік ӛту;

§ Ақпаратты ұялы телефон арқылы дестелік жӛнелту технологиясын (GPRS

- General Packet Radio Service) пайдалану.

Интернет – желілердің желісі,ол кӛптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, әлемдегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Интернет желісінің атқаратын негізгі қызмет функциялары 12.2-суретте және 12.3 -суретте кӛрсетілді.

 


12.2-сурет. Интернет желісінің қызмет функциялары

 

Windows-тың жұмыс столынан Internet белгішесін екі рет шерткенде, Интернетті бапқа келтіру терезесі кӛрінеді, онда провайдермен келіскен шартбелгілер енгізілсе,


Internet Explorerтерезесі кӛрінеді, бұл Интернетте саяхат жасау үшін қолданылатын,

браузердеп аталатын арнайы бағдарлама.

Браузер(browser) -қарап шығушы, оның атқаратын қызмет түрлері:

1) Гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған, әркімнің таңдауы бойынша мәтіннің, бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етедін бағдарлама;

2) Желіде жұмыс істеуге арналған қосымша бағдарламалық жасақтама;

3) Web-беттерін қарап шығуға, құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнатуға, Web – беттерді пішімдеуге, бейнелеуге, Web – беттердің іздестіруін жеделдетуге, т б. арналған бағдарлама.

Браузерді компьютерге орнатпайынша, Интернетпен байланыс орнату мүмкін емес, бағдарлама кӛрсетілген URL-адрес бойынша керекті әріптеспен байланыс орнатуы, бүкіл World Wide Web бойынша керекті Web-бетті іздеуді және келіп түскен ақпаратты ыңғайлы түрде кӛрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.58.32.115 (0.011 с.)