СіздіҢ кӚмегіҢізбен біз мыҚты боламыз.
СІЗДІҢ КӚМЕГІҢІЗБЕН БІЗ МЫҚТЫ БОЛАМЫЗ!
ЖАСТАР КЕҢЕСІ
Жастар Кеңесі – студент жастардың тұрмыс, оқу, бос уақытын ұйымдастыру туралы маңызды сұрақтарымен ғана айналысып қоймайтын, оларға әлеуметтік қолдау кӛрсететін бастамашыл, инновациялық,тәуелсіз, жауапкершілігі мол студенттердің қоғамдық қызметі.
Жастар Кеңесінің қызметі студенттік ӛмірді жарқын және әсерлі ететін кӛптеген іс-шараларды, акциялар мен сайыс бағдарламаларын құруға және іске асыруға бағытталған. Бұл жерде студенттер ұйымдастыру шеберлігіне үйреніп қана
қоймай ӛздерінің достары мен құрдастарының таланттарын ашуға кӛмектеседі.
Жастар Кеңесінің негізгі мақсаттары:
· студенттер бойында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, оларды заманауи қоғамда маңызды проблемаларды шешуге белсенді түрде ат салысуға шақыру;
· АТУ студенттерінің қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау мен ұсыну;
· АТУ имиджін тек Қазқстанда ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қалыптастыру, студенттік ӛмірдің дәстүрін қалыптастыру;
· студенттердің мәдени, шығармашылық, ұйымдастырушылық қажеттіліне жағдай жасау.
Жастар Кеңесі жҧмысының негізгі бағыттары:
· АТУ студенттерінің бойында патриоттық мақтаныш сезімін қалыптастыру. Біздің университетіміздің тәрбиеленушісі біздің оқу орнының, біздің қаламыздың, біздің мемлекетіміздің патриоты екенін мақтанышпен сезінуі тиіс;
· студенттердің қызығушылықтарын АТУ құрылымдық бӛлімшелерінің барлық деңгейінде қорғау;
· университеттің әр түрлі қызмет шеңберінде студенттердің бастамаларын дамыту, әлеуметтік-маңызды іс-шараларды жасау және іске асыру;
· белсенді студенттерді оқыту және дайындау;
· студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру;
· студенттік конкурстар, мерекелер және басқа да кӛпшілік іс-шараларды ӛткізу;
· АТУ студенттерін университеттің спорттық ӛміріне тарту;
· студенттердің ортасында бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу;
· ҚР және шет елдегі қоғамдық ұйымдарымен және басқа да студенттік, жастар ұйымдарымен гуманитарлық және ғылыми байланыстарды дамыту;
· АТУ-дың құрылымдық бӛлімшелері арқылы халықаралық байланыстарға қатысу.
|