АзаҚстан республикасы білім жӘне Ғылым министрлігі
Оны оқуға және жауап беріп, пікір-талас ұйымдастыруға да болады. Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Онда мақала авторы, мақала көлемі, мақала тақырыбы, мақаланың инвентарлық нөмірінің аналогы жайында ақпарат сақталады.
Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі ӛзгешелігі бар, олар:
- біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып, сақталып отырады да, егер ӛте ескіріп кетсе, онда олар жойылады;
- екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алмайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның жетекшісіне жӛнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы кӛпшілік оқуы үшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын ӛзі шешеді. Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференцияларӛткізілетін болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан пайдаланушыларды түгел қатыстыра алады. Телеконференция жұмысы сервердеп аталатын арнайы бағдарлама арқылыұйымдастырылады. Оны іске қосу үшін Internet Explorer терезесінен Жаңалықтар– жаңалықтарды оқу командасын беру керек. Ал сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық сұраныстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді, оларға анықтамалық ақпарат жібереді.
Егер сервис-провайдер UseNet телеконференцияларына қосылуына мүмкіндік берсе, тұтынушы NNTP (NetworkNewsTransportProtocol - Тораптық Ақпаратты тарату хаттамасы) хаттамасымен қуатталатын телеконференциялармен жұмыс істеп, хабарлар жаза алады.
IСQ (Iseekyou - мен сені іздеймін) - желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде (масштабында) хат-хабарламалар араласып, бірден чат (chat-әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет.
IRC(Internet Relay Chat) - нақты уақыт кезінде телеконференция ӛткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. IRC-
серверлері мен IRC- клиенттері кӛмегімен бір-бірімен «виртуальді» әңгіме ӛткізуді пернетақтада сӛздерді теру арқылы жүргізіледі.
IP-телефония -Интернетте телефондағы дауыс арқылы алмасуды ӛте тиімді деп айтуға болмас, бұл TCP/ІР хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы сандық файлға түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер дестетері тәрізді түрде тасымалданады.
Чат - әңгімелесу -Интернеттің onlineрежимінде тікелей сұхбаттасу.
|