Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

МS DOS операциялық жҥйесі

Поиск

Типі

МГц

Мб

Мб

Intel 286

8-20

1-2

20-80

Intel 386

40-60

2-4

40-200

Intel 486

66-100

4-8

80-500

Pentium

100-300

8-32

500-2000

Pentium

IV

1000-3400

128-512

10000-80000

 

Микропроцессорлардың бір-бірінен ӛзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының кӛрсеткіші - тактілік жиілігінде жатыр. Жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да ӛсе түседі. Қазіргі уақытта PentiumIV процессорлы компьютер қолданысқа еніп, басқа кӛрсетілген модельдер ескірген.

Микропроцессордың қҧрамы:

a. Басқару құрылғылары;

b. Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ);

c. Микропроцессорлық жад- кэш жад;

d. Микропроцессордың интерфейс жүйесі – жалпы міндет атқаратын регистрлер.

Басқару қҧрылғылары(БҚ) - орындалып жатқан операцияларда қолданылатын басқару импульстерін (сигналдарды) қажет кезінде қалыптастырып, машинаның барлық блоктарына жібереді. БҚ – жад ұяшықтарының адресін жасайды және бұл адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес блоктарына жӛнелтеді.

Арифметикалық – логикалық қҧрылғы(АЛҚ) - сандық және символдық ақпараттармен орындалатын барлық арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды.

Жалпы міндет атқаратын регистрлер– бұларда негізгі жадтан түсетін аралық мәндер сақталады.

Кэш-жад –процессор мен жедел жады арасында буфер ретінде қолданылатын, қойма сияқты жады, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Кӛп мәліметтерді кэш-жадтан алу әрекеті процессордың мәліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жәрдемдеседі, яғни кэш-жад компьютердің жұмыс ӛнімділігін арттыруға арналған. Кэш-жад екі деңгейлі, біріншісі - процессор ішінде, ал екіншісі - процессордан тысқары, яғни тақшада орнатылады, кӛлемі 256 Кбайт-тан 512 Кбайт-қа дейін болады.

Енгізу/шығару порттарыкомпьютерді сыртқы баспа, модем сияқты құрылғылармен жалғастыру үшін қажет. Порттар екіге бӛлінеді:

a. жалпы мақсаттық параллель порт;

b. асинхронды (бір уақтылы емес) тізбекті порт.

Олардың сәйкес түрде белгіленуі: LPT1- LPT3, COM1 - COM3.

Енгізу/шығару құрылғылары мен процессор арасында ӛтетін ақпарат алмасу алдымен, адаптердеп аталатын, осы құрылғылардың жұмысын үйлестіруші


интегралдық схемаға келіп түседі (латынша adaptere –үйлестіруші). Адаптер - әр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы. Контроллер– мәліметтерді тасымалдау құрылғыларын компьютерге жалғау қондырғысы.

Адаптердің жұмысына мысал: екілік кодтарды жадтан мониторға жіберу кезінде сәйкес адаптер (бейнеадаптер) алдымен оларды түрлі символдарға аударатын сигналдарға айналдырады: кез келген пернені басып, қоя берген кезде пернетақта сәйкес екілік кодтың сигналдарын процессорға, жадқа бірінен соң бірін ретімен жібере бастайды. Бұл кодты алдымен пернетақта адаптері қабылдайды да, оны процессор жұмыс істей алатын параллель кодқа айналдырады. Адаптерлердің ӛздері қабылдаған ағымдық команданы немесе деректерді жазып қоятын ұяшықтары бар, оларды порт регистрлерідеп атайды. Адаптерлер - процессор, жад және басқа құрылғылармен жүйелік шина немесе магистраль деп аталатын кӛп қабатты тақшаның (платаның) ток ӛткізгіш желісі арқылы байланыстырылып қойылған. Байланыстыру шинаға дәнекерленіп қосылған порттар деп аталатын ажыратып қосқыштар арқылы орындалады. Шина үш бӛлімді: адрестік шина, мәліметтер шинасыжәне басқару шинасы.Әр шина сандары бірдей емес кӛптеген ӛткізгішті сымдар тобынан тұрады. Адрестік шина арқылы ақпарат жазылатын ұяшықтың адресі жіберіледі. Мәліметтер шинасы арқылы ақпарат, ал басқару шинасы арқылы «ақпаратты жазу», «ақпаратты оқу» сияқты түрлі командалар жіберіледі.

Таймер(уақытты белгілеу) – кәдімгі сағат рӛлін атқаратын интегралдық схема. Оның қызметтерінің бірі – монитор экранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын беру, яғни синхрондау, т.б.

Магниттік дискіде жинақтауыш(дискіжетек)– ақпаратты қатты магниттік дискігенемесе иілгіш магниттік дискіге жазуға, не онда жазылған ақпаратты машина жадына енгізуге арналған құрылғы. Қатты магниттік дискі мен иілгіш магниттік дискілерді сыртқы есте сақтау құрылғылары деп те атайды. Диск түрлері:

2) Иілгіш магниттік диск немесе дискет (табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск), кӛлемі: диаметрі

89 мм болатын 3,5 дюймдік дискетте екі түрлі кӛлемде ақпарат жазылады - 1,44 Мб және 720 Кб;

2) Қатты магниттік диск (орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады, ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады). Ӛте кӛп ақпарат сақтауға болады. Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер)ақпаратты тұрақты сақтауға арналған.Винчестер компьютердің ішіне орналастырылған дискіжетекке бекітіліп қойылған, сондықтан ол дискіжетектен алынып-салынбайды. 80286 процессорлы ІВМ РС-де катты дискінің мәлімет сиымдылығы 20 - 40 Мб, ал Pentuim - 6 Гб-қа дейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда, винчестерге ӛте кӛп мәлімет кӛлемі сияды, сондықтан оны пайдалану ӛте ыңғайлы.

Жазу құрылғыларын дискіжетекдеп, жинақты (компакт) дискілерге жазатын, не олардан оқитын құрылғыны CD-ROMдеп атайды. Бұл құрылғыны компьютерге арнайы орнату қажет. Ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстармен жұмыс істеу үшін кеңінен пайдаланылады.

3) Компакт-диск (CD-R), қарапайым компакт-дискінің кӛлемі 650 Мб, яғни 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды.

Соңғы кездерде магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлершықты. Стример- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы. Олар үлкен кӛлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы баяу жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.


Тәжірибелік сабақ-9.Операциялық жүйелер мен орталар.

 

Операциялық жүйе - компьютерді басқаруға арналған, қолданушымен сұхбатты ұйымдастыратын және қолданбалы бағдарламалар дестесінің сұранысы бойынша компьютермен ӛзара іс-әрекет жасайтын орталық бағдарлама.

Операциялық жүйенің атқаратын қызметтері: файлдарды кӛшіру, каталогтарды іздеу, бұзылған файлдарды жою, иілгіш дискеттерді қорғау және қатты дискіні басқару мен ондағы жұмысты ұйымдастыру. Оның құрамына ӛз командалары және драйверлер - сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер-сыртқы жұмысты жеңілдететін программалар және т.б. кіреді. DOS-тың негізгі құрама бӛліктері:

BIOS-енгізу шығару базалық жүйесі. Ол тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан. Оның қызметі енгізі-шығару, ОЖ жүктелуін шақыру және компьютерді тестілеу қызметтерінен тұрады.

Boot Record– бастапқы жүктеме блогы. Бұл программа дискінің бірінші секторында орналасқан.

Бұл программаның функциясы жадыға ОЖ-ң екі модулдерін жазудан (кӛшіруден) тұрады.

іo.sys– BIOS-тың кеңейтілген модулі. BIOS-тың мүмкіндіктерін кеңейтеді және толықтырады.

Msdos.sys-ОЖ-ң негізгі модулі. Процессордың жұмысын тоқтататын және жүйелік жүктеулерді ӛңдейтін модуль. DOS-тың негізгі жоғарғы дәрежелі деңгейлік қызметін жүзеге асырады.

command.com- MS DOS-ң командалық процессоры. ОЖ құрамына командалық процессор атты арнайы программа кіреді, ол тұтынушыдан командаларды сұрап оларды орындайды.

config.sys - конфигурация файлы. Компьютер құрылғыларының және оның жұмыс режимінің ағымдық конфигурациясын орнататын файл. Бұл сыртқы құрылғылардың драйверлерін оперативтік жадыға және DOS-қа жүктеуге нұсқауы бар мәтіндік файл.

Autoexec.bat- тұтынушыға арналған баптау. ОЖ-ні баптайтын командалар жазылған және ОЖ-ні жүктеу кезінде іздейтін командалық файл, ол жұмыс жасауға ыңғайлы орта.

Қҧрылғылар драйверлері –бұл құрылғылар жұмысын басқаруды, басқа құрылғылармен ақпарат алмасуды және құрылғылардың кейбір параметрін баптауды қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар.

Утилиттер –дискілерге қызмет кӛрсетуге, файлдармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін сервистік программа. Мысалға: fdisk.com, format.com, scandisk.com, defrag.com

...

 

ОЖ құрамына кіретін программалар қатты дискіде орналасады. Компьютер іске қосылғанда программалар жедел жадқа жүктеліп, жұмыс аяқталғанша сонда сақталады.

IBM фирмасы жабдықтаған жүйелердің ішінде үш жүйені ерекше атауға болады, олар: МS DOS, OS/2, АІХ. Бұл операциялық жүйелер қолданушының талабына сәйкестендірілген.Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS DOS, Альфа-DOSWindowsХР, WindowsNT, LINUX, OS/2, UNIX т.б. жатады.


MS DOS операциялық жүйесін 1980 жылдардың басында IBM компьютерлері үшін Microsoft компаниясы құрды.MS DOS операциялық жүйесі екі командалар тобына бӛлінеді:

· Резиденттік (ішкі) командалар тобы;

· Транзиттік (сыртқы)командалар тобы.

Резиденттік командалар тобыжедел жадыға пернетақтадан түсісімен бірден орындалады, алтранзиттік командалардыңорындалуы екі кезеңнен тұрады: пернетақтадан енгізіліп, қатты дискіге жазылады, тек содан кейін орындалады.

 

Резиденттік команда ӛз кезегінде екіге бӛлінеді: каталогпен жұмыс істеу командалары және файлдармен жұмыс істеу командалары.

 

Каталогпен жҧмыс істеу командалары:

MD <каталог аты> - жаңа каталог ашу; RD < каталог аты > - бос каталогты жою;

RD /S< каталог аты >- каталогты мазмұнымен қоса жоятын команда DIR <каталог аты> - каталогтар тізімін қарап шығу;

DIR/P – экрандық бетті парақтап қарау, тізбектегі файлдың барлық атрибуттарын кӛрсетеді.

DIR/W - терезе түрінде тығыз форматты түрде файлдың тек қана аттары тізбектеліп кӛрсетіледі. Файл атрибуттары кӛрсетілмейді.

TREE/F- экранға каталогтар мен файлдар тізімін бұтақ тәрізді каталогтар түрінде шығарады

CD - командасының атқаратын екі түрлі қызметі бар:

а) CD\ -бір каталогтан басқа (жоғары деңгейдегіден келесі тӛменгі деңгейдегі) ішкі каталогқа ауысу;

б) CD.. -кез келген тӛменгі деңгейдегі каталогтан түпкі каталогқа қайту.

Файлдармен жҧмыс істеу командалары:

REN <файлдың ескі аты><файлдың жаңа  аты> - файлдың атын ӛзгерту командасы;

DEL<файл аты> - файлды жою командасы; TIME - уақытты ӛзгерту командасы;

DATE - мерзімді экранға шығару командасы;

DATE_MM-DD-YY-жаңа мерзімді енгізу,мұндағыMM ай (нӛмері 1-12), DD-күн саны (1-31), YY-жылы. Бұл белгілер мынадай таңбалармен "-", "/" бӛлініп жазылады.

COPY командасы - файлдарды бір орынан екінші орынға кӛшіруге, мәліметтерді пернетақтадан файлға енгізуге, мәліметтерді пернетақтадан бірден баспаға шығаруға және т.б мүмкіндіктерді туғызатын команда;

 

COPY CON < файл аты > - мәтіндік файл құру командасы;

CTRL+Z, немесе F6 пернесі - файлды дискіге сақтау (жазу) командасы; TYPE -файл мазмұнын оқу командасы;

MOVE - файлдың орнын ауыстыру командасы; EDIT- файлды ӛңдеу командасы;

MORE- үлкен кӛлемді файлды оқу командасы;

FC- бірнеше файлдар мазмұнын салыстыру командасы; COMP- ӛлшемі бойынша файлдарды салыстыру командасы;


FIND- файлдағы мәтін фрагментін іздеу командасы;

PATH(жол) командасы қажетті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала кӛрсетуге арналған.

CLS (Clear Screen-экран тазарту) экранды тазартады Бұл команда параметрсіз орындалады.

 

Транзиттік командалар:

FORMAT - қатты дискіні немесе иілгіш дискеттерді жаңа жұмыс аудандарына бӛлу, яғни форматтау; С:\ > FORMAT А:/ S

DISСCOPY - бір дискідегі барлық мәліметтерді басқа дискіге толығымен кӛшіру;

TREE - бұтақ тәріздес орналасқан каталогтардың тізімін қарап шығу мүмкіндігі; ASSIGN - логикалық диск адрестерін тағайындау;

ATTRIB  -  файлды  жазудан  қорғау  (тіркеп  жазған  ―+R‖  символы  ®  READ  –файлды  тек  қана  оқуға болады деген мағына береді, ―-R‖ арқылы жазудан қорғауды алып тастауға болады).

Файл маскасы.Файлдармен жұмыс істеген уақытта ―*‖ (жұлдызша) және ―?‖ (сұрақ) белгілері пайдаланылады.Кейбір командаларды орындау барысында файлдардың атын толық кӛрсетпеуге болады, бұл жағдайда ОЖ файлдар тобын іздейді. Жұмыс жасау барысында файлдардың біреуін ғана емес, бірнеше файлдарды топтауға тура келеді. Осы жағдайда файлдың атына шаблондарды, яғни «*», «?» белгілерін қою арқылы жасауға болады. * - файлдың атындағы кезкелген сӛз тіркестерін білдіреді; *.* - кезкелген (барлық файлдар тобы) белгіні білдіреді; ? - бір белгіні білдіреді. Мысалға:

*.exe - кеңейтуі .EXE болып келетін барлық файлдар тобы.???.bas -кеңейтуі .BAS болып келетін файл аты белгісіз 3 белгіден аспайтын файлдар тобы; А?.* - файл аты А әрпінен басталып 2 белгіден тұратын, кеңейтуі кез келгенфайлдар тобы. Кол*.* - файл аты Кол әрпінен басталатын барлық файлдар тобы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.125.61 (0.012 с.)