Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Студенттік        жатақханалардағы        ішкі        тәртіп         ережелері

Поиск

Басқа қаладан келген немесе шетелдік студенттерді оқу жылы қарсаңында университет


оқу ғимараттарына ыңғайлы орналасқан үш жатақханамен қамтамасыз етеді.

 

ЖАТАҚХАНА ТҦРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚҦҚЫҒЫ:

· ішкі тәртіп және келісімшарт ережелерін сақтаған жағдайда берілген орында оқу жылының соңына дейін тұруға;

· жатақхананың санитарла-тұрмыстық ғимараттарын, бӛлмесін, жуынатын бӛлме, туалет және т.б. пайдалануға;

· тәрбие жұмысы жӛніндегі проректор мен коменданттың жазбаша рұқсатымен ғана бір бӛлмеден екінші бӛлмеге ауысуға;

· жатақхананың Студенттік Кеңесін сайлауға және сайлауға түсуге; Студенттік Кеңестің жұмыстарына қатысуға, жатақхананың тұрмыстық ӛмірін жақсартуға үлес қосуға;

ЖАТАҚХАНА ТҦРҒЫНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

· жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, техника қауіпсіздігін, ӛрт қауіпсіздігін, келісімшарт және т.б. актілерді қатаң сақтауға;

· электр энергиясын, газ бен суды үнемдеп жұмсау. Бӛлмеден немесе жатақханадан шыққанда ыстық және суық су шүмектерін жауып, терезе, есіктерді жауып, жарықты және электрқұрылғыларын сӛндіріп кетуге;

· бӛлменің артық кілтін жатақхананың вахтерына ӛткізуге, жатақхананы тек тұрғылықты орын ретінде пайдалануға, кілтті немесе бӛлмені бӛтен адамға бермеуге;

· жатақхананың мүлкін күтіп ұстауға, кӛпшілік орындарда тазалық пен тәртіпті қатаң ұстауға, тұрғылықты бӛлмеде жиі тазалық жұмыстарын жасауға;

· жатақхананың мүлкіне материалды жауапкершілікте болуға, жатақхананың мүлкіне зиян келген жағдайда материалдық шығынның ақысын ӛтеуге;

· жатақханадан шығарда жатақхана мүлкін түгелімен қайтаруға;

· университет әкімшілігінің рұқсатынсыз жатақханаға бӛтен адамды кіргізбеуге.

ЖАТАҚХАНА ТҦРҒЫНДАРЫНА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

· ӛз еркімен Тәрбие жұмыстары жӛніндегі проректордың жазбаша рұқсатынсыз бір орыннан екінші орынға ауысуға. Келісімшартта кӛрсетілген бӛлмеде тұрмаған жағдайда, ол студент жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін бұзған болып саналады;

· жатақхана әкімшілігінің рұқсатынсыз жеке пайдалануға берілген мүліктерді ӛз еркімен бір бӛлмеден екінші бӛлмеге тасуға;

· жатақханаға кіру рұқсат қағазын жатақханаға кіру үшін бӛтен адамға беруге;

· жатақхананың кез-келген жерінде темекі шекпеуге, жатақханада алкогольді, нашақорлық күйде келуге, сонымен қатар наркотикалық, психотропты, алкогольді заттарды таратпауға және пайдалануға;

· аудио, теле және видеоаппаратура қондырғыларын барлық қатты дауыста қоюға;

· үй жануарларын пайдалануға, бауырымен жорғалаушы және құстарды асырауға;

· жатақхана территориясын ластауға, ас әзірлейтін бӛлмеде, кӛпшілік пайдаланатын орындарда, коридорда қоқыс тастауға;

· электрқондырғыларын пайдалануға, соның ішіндесапа сертификаты жоқ электрұзартқыш және жалғастырғыш құрылғыларды пайдалануға;

· шатырға шығуға, кӛтерілуге, балкон мен терезелерге асылып тұруға, отыруға;

· құмар ойындар ойнауға,балағат сӛздер сӛйлеуге, ұрыс-тӛбелес ұйымдастыруға;

· басқа тұрғындардың бӛлмелеріне тұрғындардың рұқсатынсыз кіруге;

· жоғарыда кӛрсетілген ішкі тәртіп ережелерін бұзған жатақхана тұрғындары, сонымен қатар техника қауіпсіздігі, ӛрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелерді,


жатақханада тұру келісімшартын бұзған, қызметкерлерді, жатақхана тұрғындарын, қабат старосталарын сыйламаған жатақхана тұрғынына қоғамдық ықпал жасау іс-шаралары мен тәртіп жӛніндегі жаза қолданылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.21.237 (0.01 с.)