Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ақпараттық технологиялар кафедрасы туралы ақпарат

Поиск

Ақпараттық технологиялар кафедрасы туралы ақпарат

«Ақпараттық технологиялар»    кафедрасы 1994 жылы ұйымдастырылған,

«Инжениринг және ақпараттық технологиялар» факультетi құрамына кiредi және ақпараттық технологиялар аясында кешендi шешiмдер орталығы болып табылады. Ақпараттық және басқару есептерін шешуге қатысты жоғары дәрежелі мамандар даярлауды кафедра ӛз қызметінің басты бағыты деп санайды.

Кафедраны т.ғ.д., профессор Зәуірбеков Нұрғали Сабырұлы басқарады. Кафедрада 80-нен астам жалпы білім беретін және арнайы пәндер, соның ішінде:

информатика, мәліметтер базасын жобалау, МҚБЖ, операциялық жүйелер, жоғары дәреже тілдерде бағдарламалау негіздері (Delphi , Java, JavaScript), микроэлектроника негіздері, сұлбатехника, жүйелік техника, компьютерлік желілер, ORACLE мәліметтер қоры және басқа да «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бакалаврлары мен магистрлеріне арналған пәндер оқытылады.

Кафедра ақпараттық технологиялар аймағында кешенді шешімдер қабылдау орталығы болып саналады.Кафедраның ең басты мақсаты жоғары білікті мамандарды дайындау, сондықтан келесi мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5В070300 –Ақпараттық жүйелер

5В070400 –Есептеу техникасы және бағдарламалық камтамасыз ету Магистратура:

6М070300 –Ақпараттық жүйелер


Дәріс-5. Кітапханалар мен оқу іс-әрекетін ҧйымдастыруға арналған ресурстарды қолдану.

Ғылыми кітапхана қызметін пайдаланудыңжалпы ережелері.Университет Ғылыми кітапхана қорында миллиондаған оқулықтар, ғылыми басылымдар жинақталған. Ғылыми кітапхана жыл сайын 5 млн-ға жуық ғылыми монографиялар, мерзімді ғылыми-танымал журналдармен толықтырылып отырады. Алматы технологиялық университетінің әлемдік ақпараттық кеңістікте ӛзінің жеке және құрылымдық бӛлімшелері туралы сайты бар (www.atu.kz). Қазіргі жағдайда еншілес сайттарды жетілдіру устінде, сол сайттар арқылы АТУ құрылымдық бӛлімшелері туралы толық ақпарат алуға болады. Кітапхана сайтында (http//library.atu.kz) «Ғылыми кітапхана» бетінде электрондық каталог, электронды ресурстар және мақалалар деректер базасы мен кітапхана құжаттары туралы негізгі мәліметтер                                        насихатталған.

Электронды ресурстар орталығы мен оқырман залдарында Интернет жүйесінің барлық ресурстарын, сонымен қатар оқулықтардың толықмәтінді деректер базасын, оқу- әдістемелік құралдар мен мақалаларды, электрондық каталогты пайдалану мумкіндіктері                                                                                                                                            бар.

Оқырмандарды ұйымдастыру тәртібі, олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктерін Алматы технологиялық университеті Ғылыми кітапханасы ережесі белгілейді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.180.62 (0.008 с.)