Дәріс -3. Ақпараттық жҥйенің даму сатылары.
Дәріс -3. Ақпараттық жҥйенің даму сатылары.
Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді ӛңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын.
60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген кӛзқарастың ӛзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат кӛптеген параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін кӛптеген функцияларға қызмет кӛрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.
70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.
80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да ӛзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы ӛндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, ӛтімділіктің жаңа нарығын табуғы, ӛзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, тӛмен бағамен ӛнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. кӛмектесті.
Ақпараттық жҥйелердегі процестер
Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (1-сурет) түрінде кӛрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:
Ақпараттық жүйенің аппараттық және программалық бӛлігі
Ақпаратты енгізу
Ақпаратты ӛңдеу
Кері байланыс
Ақпаратты шығару
ӛндіріс персоналы немесе басқа ақпараттық жүйе
1-сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады:
ü кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы
принциптері негізінде басқарылуы мүмкін;
ü ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады;
ü ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;
ü ақпараттық жүйенің ӛнімі ақпарат болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника кӛмегімен дамыды деген ой қалыптасты.
Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән- мағынасын, сонымен қатар ӛндірістік процестерді түсіну қажет.
Ақпараттық жүйені ендіру келесідей мүмкіндіктер береді:
ü математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің рационалды варианттарын алу;
ü оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;
ü ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;
ü мәліметтерді қағазбен алудан магнитті дискілер немесе ленталарға ауыстыру, бұл компьютерде ақпараттардың қайта ӛңделуін рационалды ӛндіруге және қағаздағы құжаттар кӛлемін тӛмендетуге әкеледі;
ü ақпараттар тобының құрылымын және фирмада құжат айналым жүйелерін жетілдіру;
ü ӛнімдер мен қызметтерді ӛндіруге кететін шығындарды азайту;
ü бірегей қызметтерді тұтынушыларға беру;
ü оларға берілген әр түрлі жеңілдіктер мен қызметтер есебінен сатып алушылар мен жабдықтаушыларды фирмаға әкелу.
|