Этика, академиялық тәртіп және курс саясаты
Баға қою саясаты
Семестрлік жұмысты бағалау өлшемдері: ӛз бетінше есеп шығару машықтары, мазмұнның толықтығы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру.
Межелік жазбаша жұмыстарын бағалау өлшемдері: ӛткен материалдарды меңгеру және қайталау, есеп шығару қабілеті.
Емтихан бағасын қою өлшемдері: жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы, баяндама стилі және логикасы.
Қорытынды баға қою өлшемдері: семестрдің соңында жалпы қорытынды баға қойылады, ол семестр бойы білім алушының жиынтықты кӛрсеткіші болып табылады.
Қорытынды бағаға шағымдану (апелляциялау) ережесі:
Емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы апелляциялық комиссияға емтихан ӛткеннен кейін келесі күннің сағат 13.00-ге дейін ӛтініш беруге құқығы бар. Ӛтінішті (Ф 8.2.4-2016-06-02-01-06)апелляцияға қатысты пәннің (ауызша, жазбаша, матрицалық және шығармашылық нысанда) апелляциялық комиссия тӛрағасының атына
жазып, ӛз факультет деканының/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы бастығының қолын қойғызады. Апелляцияға берген ӛтініштер деканатта/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасында арнайы журналға тіркеледі.
Компьютерлік тестілеу нәтижелері жарияланған кейін апелляция
«Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ААЖ) қарастырылады, егер:
- тест тапсырмаларының тұжырымдамасы жаңылыс түрінде берілген;
- тест тапсырмаларында дұрыс жауабы жоқ;
- тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауаптары бар;
- тест тапсырмалары пәннің оқу-әдістемелік кешенінде келтірілген оқу бағдарламасынан тыс жағдайларда.
«Platonus» ААЖ-де білім алушы тест сұрақтарының кемінде 3-іне ғана апелляция беруге құқығы бар. Компьютерлік тестілеу нәтижесімен келіспеген білім алушы нақты сұрақтар мен жауаптарды белгілеп, ауызша түрде апелляцияға ӛтініш беруге құқылы. Апелляция кезінде емтихан ӛту рейтинг бағасын кӛтеруге рұқсат берілмейді.
Курс саясаты
Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау; оқытушы ұсынған оқу тәртібіне белсенді түрде қатысып, мұқият болу; аудиторияда ұялы телефонды ӛшіріп қою; дәлелді себептермен келмей қалған сабақтарды ӛтеу (деканаттың рұқсатымен); ӛз бетінше кітапханада, үйде жұмыс жасау.
Этика және академиялық тәртіп саясаты
Бӛгде пікірді сыйлау, қарсылығыңызды сыпайы түрде жеткізу. Барлық семестрлік тапсырмаларды ӛз бетінше орындау. Плагиат және адалсыз орындалған жұмыс жарамсыз. Қолданған электрондық және баспа материалдарға, басқа авторлардың пікірлеріне, дәйексӛздеріне сілтемелер болмаса, жұмыс плагиат деп есептеледі. Емтихан барысында кӛшіруге және бір-біріне кӛмектесуге болмайды. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаған білім алушы «F» деген қорытынды баға алады.
Дәлелсіз себептермен қатыспаған сабақтардың кӛлемі 20% дан асып кеткен жағдайда, білім алушыға«F» деген баға қойылады.
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы мәжілісінде бекітілген
« 19 » 06 2017ж., № 11 а хаттама
Моб.тел: 87071061255
E-mail: Kerimbaeva_vener@mail.ru
Кеңес: 9.00-10.00 Сейсенбі, сәрсенбі 16.00-17.00, сенбі 10.00-12.00 3Б оқу корпусы, ауд. 301, Кафедра «ИТ».
|