Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқырмандарды           ғылыми           кітапханаға            жазу           тәртібі

Поиск

Оқырмандарды           ғылыми           кітапханаға            жазу           тәртібі

1. Ғылыми кiтапханаға тіркелуде студенттер студенттік билетін, тӛлқұжатын, оқытушылар, қызметкерлер мен оқырмандардың басқа категориялары үшiн – тӛлқұжатын немесе қызмет куәлiгiн, 3х4 ӛлшемдi екі фото суретiн ӛткізуі тиіс. Бірінші курс студенттері деканаттардан немесе оқу бӛлімінен түскен тізім негізінде жазылады. Оқырман билеті барлық абонементтермен оқу залдарын пайдалануға құқық береді.

2. Кітапханаға жазылар кезде оқырмандар «Алматы технологиялық университетінің ғылыми Ғылыми кітапханасын пайдалану ережесімен» танысып, оны орындау жӛнiндегi мiндеттемесiн оқырман билетіне және оқырман формулярына қол қойумен растайды. Оқырман формуляры үйге берілген құжаттарды тіркеп, алынғанын растап, қайтару мерзімін белгілейтін құжат болып табылады.

3. Оқырман билетiнiң қолданылу мерзiмi – бiр жыл. Ғылыми кiтапхана жыл сайын ӛзi белгiлеген мерзiмде оқырмандарды оларға жазылған әдебиеттiң бәрiн кӛрсетуiмен қайта тiркеуден ӛткiзiп, оқырман билетiн ұзартады. Қайта тiркеуден ӛтпеген оқырмандарға кiтапхана қызмет кӛрсетпейдi.

Оқу                          залын                         пайдалану                          қағидалары

1. Оқу залында тек қана оқу залы қорынан алынған құжаттармен пайдалануға болады.

2. Оқу залына кірерде оқырман билеттерін міндетті түрде кӛрсетуі қажет.

3. Әдебиеттерге тапсырыс сұраныс парағын толтыру арқылы беріледі.

4. Оқу залына берілетін әдебиеттер саны шектелмейді. Тек қана жиі сұранысқа ие болатын құжаттардың саны әкімшіліктің шешемі бойынша шектелуі мүмкін.


5. Энциплопедияларды, анықтамалық, басылымдарды, сӛздіктерді сирек кездесетін және құнды басылымдарды, кітаптың жалғыз және соңғы данасын, сонымен қатар, кітапханааралық абонементтен алынған басылымдарды тек қана оқу залдарында пайдалануға рұқсат етіледі.

6. Кезекші кітапханашыны ескертпей оқу залына жеке меншік кітаптарымен, газет- журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесiндiлерiмен кiруге болмайды.

7. Әдебиеттi оқу залынан кітапханашының рұқсатынсыз шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар 6 ай мерзімінде кiтапхананы пайдалану құқығынан айрылады.




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.236.93 (0.007 с.)